RU

Үй алғанына қатты қуанған қостанайлық тұрғын әкіммен селфи жасады (фото)

2 қараша күні су жаңа пәтердің кілтін алған қостанайлықтар ерекше шаттыққа бөленді. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алдымен тоғызыншы ықшамаудан тұрғындарына, кейін "Аэропорт" ықшамауданының тұрғындарына пәтер кілті табысталды. 108 пәтері бар үйлерде 47 тұрғын қоныс тойын тойлау мүмкіндігіне ие болған.

"Қоныстанушылар "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде" қаражат жинап келген. Қостанай облысында соңғы жылдары салымшылар саны 43 мың адамға өсті. Қоныс тойын тойлағаннан кейін құрылыстың сапасына көз жеткізген қонақтар да салымшылар қатарынан табылатынына сенімдімін", - дейді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

32 жастағы Айнұр Таусоғарова - пәтер кілтіне қол жеткізгендердің бірі. Тұрғын шексіз қуанышты екенін жасырмады.

"Бір бөлмелі пәтердің кілтіне ие болдым. Қызымды тәрбиелеп отырғасын, бұл мен үшін маңызды қадам. Енді пәтер үшін он жыл бойы айына 37 мың теңгеден төлеп тұрамын. Қанша дегенмен пәтер жалдап тұрғаннан арзанырақ", - дейді ол.

Жаңа пәтерге ерекше қуанып жүрген өзге тұрғын Руслан Жарбулов болса, облыс әкімімен селфиге түсуге рұқсат сұрады. Архимед Мұхамбетов еш қарсы болмай, келісімін бергені Русланның қуанышын еселей түскен.

Тағы оқыңыздар:

Дін қызметкерлері шымкенттік көп балалы аналарға үй салып берді (фото)

Еңбекке ерте араласпаған жастар төменгі зейнетақыны қанағат ететін болады

Алматыда кондуктор асаба жолаушыларды күлкіге қарық қылды

Әлемдегі ең тартымды ару туралы не білеміз? (видео)

Ғалымдар қайтыс болған адамның не сезетінін анықтады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1669124-uy-alghanyna-qatty-quanghan-qostanayly.html