RU

Мейрамбектің жары әншінің туған күніне ерекше сыйлық тарту етті (фото)

Бүгін қазақ сахнасының королі атанған Мейрамбек Беспаев 41 жасқа толған туған күнін тойлап жатыр. Әнші Instagram желісінде өзіне тарту етілген ерекше сыйлығымен бөліскен. Желі қолданушылары сыйлықты көріп, әртіске оны жұбайы сыйлады деп болжауда.

"Жұбайы сыйлаған сыйлық болар, қарапайым тыңдарманы тарту етсе желіге салмас еді", "Отбасыңыз тіл -көзден аман болсын! Мың жасаңыз!", "Менің бала кезден бергі кумирім! Туған күніңізбен!", "Туған күніңізбен! Сіз қазақтың бағына біткен жансыз! Сізді кішкентай кезімізден тыңдап жақсы көріп өсітік жақсы көреміз əлі де.... Бар болыңыз бай болыңыз!",- деп ақ тілектерін жаудырған әншінің тыңдармандары.

Еске салсақ, 8 қараша күні Республика сарайында Мейрамбек Беспаевтың жеке шығармашылық кеші өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1669163-meyrambektinh-zhary-anshininh-tughan-kuni.html