RU

"Қыз Жібек" атанған қолаң шашты қазақ қызы жұрттың сүйіспеншілігіне бөленді (фото)

26 жастағы Өскемен тұрғыны Анар шашын 110 сантиметрге дейін өсірген. Қолаң шашты қыз әдемі бұрымымен жұртты тәнті етуде деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Анар Шығыс Қазақстан техникалық университетінде менеджмент мамандығы бойынша білім алған. Бүгінде ару Алматыда жақсы жұмысқа орналасып, өз болашағына сенімді қадам басуда.

Анар шашын 17 жасынан бастап өсіріп келеді. Достары оны "қазақтың Рапунцелі" атап кеткен.

"Мен өзімді бұрымсыз елестете алмаймын... Шаштың ұзын болуы бүгінде сирек көрініс болғандықтан, жұрт сүйсіне қарайды", - дейді ару.

Бойжеткен шашына ерекше күтім жасап әлек болмайды екен. Тек шашты фенмен кептіруден аулақ екенін жасырмады. Анардың бұрымы мен көркіне тәнті болған жігіттер оған жиі назар аударатын көрінеді.

Бойжеткен қазақстандық қоғамда нәзік жандылардың тартымды болуына тыйым салатындарды құптамайтынын алға тартты.

"Өзге адамның келбеті, өмірі сізге де, қоғамға да, мемлекетке де тиесілі емес. Сіздің табиғи тартымдылығыңыз өзгенің құқықтары мен тыныштығын бұзбайтын болса, оған тыйым салуға ешкімнің құқы жоқ", - дейді Анар.

Алтын Нығманованың материалынан аударылды.

Тағы оқыңыздар:

Үй алғанына қатты қуанған қостанайлық тұрғын әкіммен селфи жасады (фото)

Оралда өзіне қол жұмсаған студент қыз өлім алдында хат жазып кеткен

Айдар Тұрғанбектің "Жігіттер" квартетінен кететіні рас па?

Бір топ еркекпен кафеде "сыра ішіп" отырған Баян Есентаева оқырмандарын шошытты (видео)

21 жастағы жігіт бес жасар өгей баласын өлімші етіп сабап тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1669206-qyz-zhibek-atanghan-qolanh-shashty-qazaq-qy.html