RU

16 жасында 43 мың рет зорланған қыз жанайқайын жеткізді

25 жастағы мексикалық бойжеткен Карла Хасинто 16 жасына дейін 43 200 рет зорланғанын айтып, дабыл қақты. Бұл туралы NUR.KZ порталы videoboom.cc сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Хасинто кедей отбасында өскендіктен, өзіне 22 жастағы жігіт сөз айтып келгенде, қатты қуанады.

12 жастағы аңғал жеткіншек үшін бұл ұсыныс кедейліктен арылудың жолы болып көрінген. Қымбат сыйлықтарды үйіп-төккен жас жігіт жеткіншекті өзімен қашуға көндіреді.

Алайда қыз үйінен шыға салысымен шынайы келбетін көрсеткен азамат оны секс-құлдыққа сатып жіберген. Нәтижесінде темір шынжырмен күнде соққыға жығылып, зорлыққа тап болған жеткіншектің төрт жылы нағыз тозаққа айналады.

Таңғы оннан бастап түнгі он екіге дейін тоқтаусыз сексуалдық зорлық көрген Карла, тіпті құлдықта болған жылдары кемі 43 200 ер адамның қорлығына ұшырағанын айтуда.

Жергілікті полиция өкілдерінің өзі қызды зорлап келген клиенттердің арасында болғандықтан, Карла бұл азаптан құтылу мүмкін емес деп ойлаған.

Абырой болғанда Хасинтоны 2008 жылы полицейлер рейд кезінде құтқарады. Бүгінде бойжеткен өзі секілді құлдыққа түскен қыздарды БАҚ-тың күшімен құтқарып отыруды өмірлік мақсатына айналдырған.

Тағы оқыңыздар:

"Қыз Жібек" атанған қолаң шашты қазақ қызы жұрттың сүйіспеншілігіне бөленді (фото)

Қостанайда 58 жастағы әйелді ат сүйреп өлтірді

Павлодарда Қазақстан елтаңбасын қоқыс жәшігіне лақтырып тастаған

Белгілі журналист еліміздегі журналистика факультеттерін жауып тастауды ұсынды

Есепті шемішкедей шағатын алты жастағы "калькулятор бала" елді таңғалдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1669243-16-zhasynda-43-mynh-ret-zorlanghan-qyz-zhaynay.html