RU

Күйеуі бес балалы әйелмен көңіл жарастырған келіншек елден көмек сұрады

Бүгінде NUR.KZ редакциясының + 7747 535 1298 Whatsapp нөміріне көптеген оқырмандар түрлі мәселелерін айтып, көмекке жүгінеді. Сондай оқырманымыздың бірі Гүлнәр басынан кешкен оқиғасын айтып, елден көмек сұрады. Айтуынша, жиырма жыл отасқан күйеуі бес балалы әйелмен көңіл жарастырған.

Көмек сұрай келген келіншек басар тау, барар жері қалмағанын айтты. Бес баласы, күйеуі бар әйелмен көңіл жарастырып жүрген отағасының әрекетін ол түсіне алмай әлек.

"Жасымыз қырық бесте. Балаларым есейді. Бірі университетте оқиды. Бірі мектеп бітіреді. Жасымыз келгенде осындай нәрсеге тап боламын деп кім ойлапты.

Күйеуім бес баласы, тіпті күйеуі бар әйелмен көңіл жарастырып, көзіме шөп салды. Ол әйел бізге тыным бермейді. Түрлі хабарламалар жазады. Мазамды алып бітті. Күйеуім не кет десең кетпейді, не біржолата қатынасын да үзбейді.

Ұлым осы жайттың барлығын біледі екен. Мен уайымдамасын деп айтпаған екен. Енді жуырда ол алтыншы баласын босанып, оны күйеуімнің баласы деп жүрген көрінеді. Хабарламаларын оқып қоямын. Балаларымды жеткізуім керек, бүкіл ақшасын сол әйелге шашады", - деп мұңын шақты ол.

"Күйеуіне хабарластым әлгі әйелдің. Ол бір ынжық па, ез бе, әйтеуір сөзі өтпейді. Ол менен мән жайды естіп ұрған болуы керек, ертеңінде ол әйелден хат келіп тұр: Мені күйеуіммен шағыстырдың" , - деп. Ал өзінің шағыстырмақ түгілі біреудің отбасын тартып алып отырғанын білмейді екен", - деп ашынды ол.

Осылайша қатты ашуланған әйел не істерін білмей дал болып, елден көмек сұрады. Ол көпбалалы әйелді сабасына түсіріп, отбасының берекесін бұзбауды жалынып сұрады.

Тағы оқыңыздар:

Қостанай облысында 58 жастағы әйелді ат сүйреп өлтірді

Павлодарда Қазақстан елтаңбасын қоқыс жәшігіне лақтырып тастаған

Димаш украиналықтарды таңғалдырған алматылық өнерпазға сәттілік тіледі

Атыраулық бойжеткендер өзбек пен түрік жігіттеріне тұрмысқа шығып жатыр

Министр Атбасардың тағы да су астында қалуы мүмкін екенін айтып, дабыл қақты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1669394-kuyeui-bes-balaly-ayelmen-konhil-zharas.html