RU

Шешен жігітіне тұрмысқа шыққан бойжеткен тозаққа айналған өмірі туралы айтып берді

Статистикаға сәйкес, Шешенстанда әр үшінші әйелге күйеуі қол көтереді. Ал әр оныншы әйел аяусыз соққыға жығылады. Мұндай "тозақты" басынан өткерген шешен азаматының жары қорқынышты жайттарды баяндап берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы snatchnews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Амина болашақ жарының қатыгез адам екенін бұған дейін еш білмей келген. Алайда тұрмыс құрған алғаш күнінде-ақ күйеуінен соққы алған ару содан кейінгі өмірі тозаққа айналғанын айтуда.

Бойжеткен қолына телефон алса, күйеуі ұрып-соғатын болған. Кейін үйде тамақ қалдырмай, Аминаны төрт қабырғаға қамап кететінді шығарады.

Абырой болғанда, Аминаға анасы терезеден тамақ тасып, аштықтан құтқарып отырыпты. Алайда мұны күйеуі байқап қалып, Амина кезекті рет соққыға жығылған.

"Күйеуім маған тек мультфильмдер қарауға рұқсат ететін. Бір күні сондағы бас кейіпкер Иван Царевичті жарын сүйетіні үшін мақтап қалып едім, мені өлімші етіп соққыға жықты. Есімнен танып қалдым. Есімді жинағанда ол мені атып тастамақ болды. Сол кезде ағасы араласып, құтқарып қалмағанда, тірі қалмас едім. Арпалыс болып жатқан сәтті пайдаланып күйеуімнен қашып кеттім. Анама қайтып оралдым", - дейді Амина.

Бойжеткен бірнеше ай бойы анасының үйінен шықпай жүреді. Алайда артынан торуылдаған күйеуі оны үйінен бір сәтке шыққанында бас салып, алып кеткен.

Бас-ми жарақатын алып, ауыр соққыға жығылған сайын анасының үйіне қашатын Аминаны күйеуі анасының көзінше шашынан сүйреп алып кететінді шығарады.

Ақыры іске полицейлер араласып, Амина ауыр халде емханаға жеткізілген. Әбден қорқып қалған бойжеткен қара хиджабқа оранып алып, күйеуінен еш қорлық көрмегенін айтумен болыпты.

Аминаның күйеуі алты жылға түрмеге қамалды. Бойжеткен онымен ажырасып кеткеннен кейін ұзақ уақыт ем қабылдаған. Бастапқыда тіпті сөйлеуден қалған Амина бүгінде өз бақытын тапқан.

Ол екінші рет тұрмыс құрып, ер адамның шексіз мейірімді бола алатынына көз жеткізді. Екінші күйеуі Аминаға барынша қамқорлық танытуда.

Тағы оқыңыздар:

Қостанай облысында 58 жастағы әйелді ат сүйреп өлтірді

Павлодарда Қазақстан елтаңбасын қоқыс жәшігіне лақтырып тастаған

Димаш украиналықтарды таңғалдырған алматылық өнерпазға сәттілік тіледі

Атыраулық бойжеткендер өзбек пен түрік жігіттеріне тұрмысқа шығып жатыр

Министр Атбасардың тағы да су астында қалуы мүмкін екенін айтып, дабыл қақты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1669468-sheshenge-turmysqa-shyqqan-boyzhetken.html