RU

Меруерт Түсіпбаева артық салмақ жинамай, жас көрініп жүруінің құпиясымен бөлісті

Мүсінін сақтап қалуға қатты мән беретін Меруерт Түсіпбаева қырықтан асқаннан кейін гормоналды өзгерістер орын алып, салмақ қосып жүргенін айтты. Сондай-ақ әнші нан мен май жемегеніне он жылдан асқанын мәлімдеді деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Қырықтан асқаннан кейін денсаулықта гормонды өзгерістер болады. Сол өзгеріске қатысты мен семіріп жатырмын. Бірақ тырысып, семіздікке жол бермей күресіп жатырмын.

Қарақат ханымның үйінде қонақта болдым. Қарақаттың  көмекшісі әрдайым ыстық нан пісіреді екен, ауылдан алып келген сары май, ауылдың құнарлы қаймағы мен бауырсағын ұсынды.  "Мен осылай ыстық нанға сары майды жағып жеп аламын",-  деді Қарақат.

Сосын мен ойланып қалдым, нанның иісі тәп-тәтті, сары майға қарап қолымды соза беріп, кейін "жоқ, мен нан мен май жемегелі 10 жыл болған" деп айттым да, қойдым",- дейді Меруерт Түсіпбаева.

Әртіс қанша жасы үлкен болса да, арық адамдар жас көрінетінін де жасырмады.

"Мен бір ғана құпияны айтайын, адамның жасы қанша үлкен болса да, бірақ оның сымбаттылығы артып тұрса, сәл де болсын жас көрінеді. Ал жас болып тұрып, артық салмағы болса бәрібір адам өз жасынан үлкенірек көрінеді. Сол үшін тырысыңыздар", - деді әнші.

Тағы оқыңыздар:

Павлодарда Қазақстан елтаңбасын қоқыс жәшігіне лақтырып тастаған

Ақбота Сейітмағамбетке сезімін білдірген Әли Оқапов соққыға жығылды

"Ислам мемлекеті" Роналду, Месси мен Неймарды өлтіретінін айтты (фото)

Министр Атбасардың тағы да су астында қалуы мүмкін екенін айтып, дабыл қақты

Шешен жігітіне тұрмысқа шыққан бойжеткен тозаққа айналған өмірі туралы айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1669512-meruert-tusipbaeva-nan-men-may-zhemegi.html