RU

Той кортежінен бас тартқан Асылхан Төлепов балалар үйіне қуаныш сыйлады (фото)

Қалыңдығын бір ай бұрын ұзатып алып, шаңырақ көтергенін жалпақ жұртқа жария еткісі келмеген танымал актер әрі депутат Асылхан Төлепов бүгін Алматының қақ төрінде үйлену тойын атап өтіп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Жаңбырлы күнде той кортежінен бас тартқан жас жұбайлар "Перзент" балалар үйінің бүлдіршіндерін шаттыққа бөлеген.

Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев өзінің Instagram парақшасында жариялады.

"Бүгін Асылxан бауырым (Жаужүрек мың бала) қолына ақ құсын қондырды. АЛЛА тағала баянды бақыт бергей. Мұсылманда жария садақа деген болады. АЛЛАның бергеніне шүкіршілік етіп, "Перзент" балалар үйіне ат басын бұрып, бүлдіршіндерді бақытқа бөлеген бауырымыз бен келінімізге РАББЫМЫЗ салиx ұрпақтар нәсіп еткей", - деп жазады ол.

Тағы оқыңыздар:

Данияр Ақышев жыл соңына дейін теңге бағамы қандай болатынын айтты

Бейбіт Атамқұлов «Жұмақ құжаттамасында» өз есімінің жүргеніне аң-таң болған

Ақышев Qazkom-ның банкрот болғаны жайлы алып-қашпа әңгімеге түсініктеме берді

Ақшасы қалтасына сыймаған миллионер бір бокал вискиді 10 мың долларға сатып алды

Қазақтың ұлттық киімімен хэллоуин тойлаған бойжеткен ел-жұрттың ашуына тиді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1669720-toy-kortezhinen-bas-tartqan-asylkhan.html