RU

Ағасымен ойнап жүрген алматылық екі жасар бала аңшы мылтығынан жарақаттанды

Алматы облысының полициясы екі жасар баланың оқ жарақатын алу фактісін тергеп жатыр деп хабарлайды өңірдің ІІД баспасөз қызметі.

23 қазан күні Мыңбаев ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде екі жасар бала алты жастағы ағасымен бірге ойнап жүріп, оқ жарақатын алғаны белгілі болды.

Полицияға ақпарат Алматы дәрігерлері хабарлағаннан кейін ғана түскен. Олардың айтуынша, бала қолын тегіс ұңғылы аңшылар мылтығынан жарақаттаған.

Балалар мен олардың ата-анасы – Алматы тұрғындары, олар ауылдағы туыстарына қонаққа барған.

Құқық қорғаушылар оқ тіркелмеген 12-ші калибрлі қарудан атылғанын анықтады. Мылтық зардап шеккен баланың немере ағасы, 47 жастағы ауыл тұрғынының үйінен табылған.

"Үй иесі қаруды ауылдың шетінен тауып алғанын айтты. Қазір оның сөзі тексеріліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 114-бабы 3- бөлімі (Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қару тәркіленіп, қажетті сараптамалар тағайындалды", — деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыздар:

Данияр Ақышев жыл соңына дейін теңге бағамы қандай болатынын айтты

Бейбіт Атамқұлов «Жұмақ құжаттамасында» өз есімінің жүргеніне аң-таң болған

Ақышев Qazkom-ның банкрот болғаны жайлы алып-қашпа әңгімеге түсініктеме берді

Ақшасы қалтасына сыймаған миллионер бір бокал вискиді 10 мың долларға сатып алды

Қазақтың ұлттық киімімен хэллоуин тойлаған бойжеткен ел-жұрттың ашуына тиді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1669942-aghasymen-oynap-zhurgen-almatylyq-eki-zh.html