RU

Жантүршігерлік жағдай: СҚО-да әжесі жаңа туған немересін пешке жағып жіберген

Солтүстік Қазақстан облысында әжесі жаңа туған немересін пешке жағып жіберген. Жасы 60-тан асқан әйелдің мұндай қадамға неліктен барғанын дөп басып ешкім айта алмай отыр. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Оқиға Мамлют ауданына қарасты Дубровное ауылында болған. Орталық көшеде орналасқан үйде Олеся Грудинская анасымен, 9 жасар ұлымен және жаңа туған қызымен тұрған екен.

Осыдан бірнеше жыл бұрын күйеуімен ажырасқан Олеся Грудинская ұлын ертіп әке-шешесінің үйіне көшіп келген екен. Бұрын да аздап араққа құмар анасы – Любаға отағасы қайтыс болғалы қой дейтін жан болмапты. Бірақ ішкен күннің өзінде кемпір ешкімнің мазасын алмайды екен.

"Жаман деп айтуға болмайды. Әсіресе, Николай айбат жігіт еді. Әжесі де айбат кісілер. Оңды кісілер. Жаман деп айтуға болмайды", - дейді Дубровное ауылының тұрғыны Игібай Тасмағамбетов.

Олеся Грудинская 19 қазанда қыз босанған екен. Араға үш күн салып үйіне келгенімен, шақалақтың қызуы көтеріліп, олар қайтадан ауруханаға түскен. Әжесі немереме дәрі егетін болды деп уайымдаған да көрінеді. Алайда оқиға болған күні неге екені белгісіз, ол қызы мен үлкен немересін нанға жұмсап, өзі сұмдық қылмысқа барған.

"Ол пештің үстіндегі плитаны алып тастап, жанып жатқан отқа сәбиді қойған. Баланы шешіндіріп тастапты. Олеся үйге келгенде, қызын таппай қалған. Пештен күйген еттің иісін сезгенде, ыстық плитаны қолымен алып тастап, шақалақты алып шыққан. Мен оның күйік шалған қолдарын көрдім", - дейді Дубровное ауылының тұрғыны Мария Морозова.

Алпысты алқымдаған Любовь Русалиеваның мұндай әрекетке не итермелегенін қазір тергеушілер анықтап жатыр. Ауыл әкімінің айтуынша, отбасы ақшадан тарлық көрмеген, тұрмыстары түзу екен.

"Бұл отбасы бізде тұрмысы нашар отбасы ретінде есепте тұрған жоқ. Әжесі зейнетақы алатын. Аздап ішетіні болмаса, Любовь Русалиеваның ешкімге зияны жоқ еді. Көршілерімен тату болатын. Оқиағаның ақ-қарасын тергеушілер анықтар. Егер біздің тарапымыздан көмек керек болса, әрине, қол ұшын беруге дайынбыз", - дейді Дубровное ауылдық аймағының әкімі Галина Швецова.

Мерт болған шақалақтың денесі әлі мәйітханада жатыр. Алдағы күндері жерленетін оған анасы әлі туу туралы куәлік те алып үлгермепті. Тек Валентина деп ат қойған.

Тағы оқыңыздар:

Ағасымен ойнап жүрген алматылық екі жасар бала аңшы мылтығынан жарақаттанды

Жамбыл облысындағы ауылға Назарбаевтың анасының есімі берілді

Ақышев Qazkom-ның банкрот болғаны жайлы алып-қашпа әңгімеге түсініктеме берді

Оқушы қызға «тиісті» деп сотталған қызылордалық мұғалім түрмеден хат жазып жіберді

Кіндігі де кесілмеген: Атырауда қоқыс жәшігінің ішінен жаңа туылған сәби табылды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1670064-soltustik-qazaqstan-oblysynda-azhesi.html