RU

Прокурор: Бишімбаев сақтық үшін "Ақсәуле" дейтін лақап ат ойлап тапқан

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сыбайластары пара алу үшін «Ақсәуле» деген құпия сөзді қолданған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бүгін сотта Бишімбаев бастаған 22 адамға айыптау қорытындысы оқылды. Онда шатылып жатқандардың ауызбастырық алып, бюджет ақшасын қалай ұрлағаны бүге-шүгесіне дейін қамтылған.

"Бишімбаев өзінің және бауыры Нұрлыбектің қылмысын жасыру үшін өте мұқият жұмыс істеген. Яғни, сақтық үшін «Ақсәуле» дейтін лақап ат ойлап тапқан. Осы құпия сөзді естіген соң ғана Бишімбаевтың сыбайластары пара беріп немесе алумен айналысқан", - дейді мемлекеттік айыптаушы Сәуле Сыдықова.

Яғни, Бишімбаев «Ақсәуле» жасырын сөзі арқылы алған ауызбастырығын екінші деңгейлі банктердің біріне салып, заңдастырмақ болыпты. Ол сома 350 миллион теңгеден астам. Әрі экс-мининстр Қызылордадағы шыны зауытының құрылысына бөлінген 1 миллиард 200 миллион теңгені жалған фирмалар арқылы ұрлады деп айыпталып жатыр.

Жалпы прокурор экс-министрден бөлек, сот алдында жауап беріп жатқан тағы 22 адамның да айыптау қорытындысын оқуы тиіс. Олардың 20-сы кінәларын мойындаған. Бишімбаев болса, бүгін сотта оқылған айыптар түсініксіз деп, қылмысқа қатысы жоғын тағы айтты.

Ал оның адвокаттары прокурордың әділдігіне күмән келтіріп, соттан оны ауыстыруды сұраған.

"Бұл қылмыстық іске прокурордың мүлдем қатысы жоқ. Қалай мемлекеттік айыптаушы болып тағайындалғанын білмейміз. Біздің ойымызша ол Бишімбаевты қалай болса да түрмеге жабуға ниеттенген секілді. Сондықтан, прокурорды ауыстыруды сұраймыз", - дейді Қ.Бишімбаевтың адвокаты Сәлімжан Мусин.

Тағы оқыңыздар:

Ағасымен ойнап жүрген алматылық екі жасар бала аңшы мылтығынан жарақаттанды

Жамбыл облысындағы ауылға Назарбаевтың анасының есімі берілді

Ақышев Qazkom-ның банкрот болғаны жайлы алып-қашпа әңгімеге түсініктеме берді

Оқушы қызға «тиісті» деп сотталған қызылордалық мұғалім түрмеден хат жазып жіберді

Кіндігі де кесілмеген: Атырауда қоқыс жәшігінің ішінен жаңа туылған сәби табылды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1670090-baq-bishimbaev-parany-aqsaule-degen-qu.html