RU

Еліміздегі ең жас депутаттың тойына Алматы әкімі Бәйбектің өзі келді (фото)

Кеше Алматы төрінде отандық шоу-бизнеспен қатар халыққа да қызмет етіп жүрген Асылхан Төлеповтің тойы дүркіреп өтті. Еліміздің ығайы мен сығайы жиналған жас депутаттың тойында Алматы әкімі Бауыржан Бәйбек те төбе көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Instagram желісінде жас актердің тойында түскен түрлі суреттер мен видеолар лезде тарап кетті. Асылхан өнердегі достарымен қоса, Бауыржан Бәйбек сынды мемлекеттік тұлғаны да шақырып, қонақ еткен.

"Тойға жиналған қауым! Тойларыңыз құтты болсын! Асылхан-Айсұлу бақытты болыңыздар! Сайлау аға, Салтанат тәте балалар бақытты болсын", - деп тілек айтты қала әкімі.

Еске салсақ, жиырма беске келген Асылхан Төлепов үйлену тойында той кортежінің орнына балалар үйіне барып, дастархан жайған болатын.

Ал желі қолданушылары болса, Асылханның жаңалығына қуанып, оған бақыт тіледі.

Тағы оқыңыздар:

Данияр Ақышев жыл соңына дейін теңге бағамы қандай болатынын айтты

Бейбіт Атамқұлов «Жұмақ құжаттамасында» өз есімінің жүргеніне аң-таң болған

Ақышев Qazkom-ның банкрот болғаны жайлы алып-қашпа әңгімеге түсініктеме берді

Ақшасы қалтасына сыймаған миллионер бір бокал вискиді 10 мың долларға сатып алды

Қазақтың ұлттық киімімен хэллоуин тойлаған бойжеткен ел-жұрттың ашуына тиді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1670179-elimizdegi-enh-zhas-deputattynh-toyyna.html