RU

Роналдудың келісімшарты аяқталған соң «Реал» Неймарды сатып алмақшы

Мадридтік «Реал» клубының президенті Флоренино Перес «Барселонаның» бұрынғы шабуылшысы осы маусымның басында «ПСЖ» клубына ауысқан Неймарды ұмытқан емес деп жазады Mundo Deportivo.

Перес каталониялық клубтың экс-басшысы Сандро Росельдің 2013 жылы Бразилия құрамасының әрі «Сантос» клубының шабуылшысын алуға кедергі жасағанын әлі де қабылдай алмай жүр. Неймар «ПСЖ» клубына 222 миллион еуроға келді.

Дереккөз мәліметінше, Перес Неймардың әкесімен кездесіп, футболшының «корольдік клубқа» ауысуы жайлы сөйлескен. Негізгі ұсыныстардың бірі – Неймардың клубқа Роналдудың келісімшарты аяқталған бетте келуі.

Алайда «Реал» Неймардың ол мерзімнен бұрын келуіне де қарсы емес. Өз кезегінде «ПСЖ» Неймарды сату туралы ойы да жоқ екендерін жеткізді.

Париждік клубтың президенті Нассер Аль-Хелаифи өз қызметкерлеріне бразилиялықтың «ПСЖ» сапында өзін емін еркін сезінуге барлық жағдайды жасауды тапсырған. Неймардың келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жасалған.

Тағы оқыңыздар:

Жамбыл облысындағы ауылға Назарбаевтың анасының есімі берілді

Жалғыздықтан жабыққан шымкенттік азамат әуретті жерін кесіп тастады

Прокурор: Бишімбаев сақтық үшін "Ақсәуле" дейтін лақап ат ойлап тапқан

Ақышев Qazkom-ның банкрот болғаны жайлы алып-қашпа әңгімеге жауап берді

Ағасымен ойнап жүрген алматылық екі жасар бала аңшы мылтығынан жарақаттанды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1670185-real-ronaldudynh-kelisimsharty-ayaqt.html