RU

Қамауға алынған Араб ханзадалары түрменің орнына бес жұлдызды отельге қамалды (фото, видео)

Сауд Арабиясында жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен 11 ханзада қамауға алынды. Алайда оларды түрмеге тоғытудың орнына қымбат отельге жайғастырған. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Факты" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қамауға алынған ханзадалар мен министрлерді тәртіп сақшылары түрмеге емес, Эр-Риядтағы бес жұлдызды Ritz Carlton отеліне жайғастырған. Дегенмен қымбат отельдің өзінде күдіктілерге айтарлықтай жағдай жасалмапты.

Видеода патшалық отбасы мүшелері бір бөлмеде еденге жайлыған матрастарда жатқаны байқалады. Жұқа жамылғымен жағдайы жоқ отельде түнеуге мәжбүр болған ханзадалар арасында әлемдегі ең бай адам деп танылғандардың бірі бар.

Еске салсақ, Сауд Арабиясының жемқорлықпен күрес комитеті 11 ханзаданы жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қамауға алған болатын. Сонымен қатар төрт министр мен ондаған бұрынғы министрлер де қамауға алынған. Күдіктілер арасында миллиардер Аль-Валид бар.

Тағы оқыңыздар:

Солтүстік Кореяда ядролық сынақтардан кейін құбыжық балалар туа бастады

"Бәйтеректе" шетелдіктер үшін ғана ойнайтын Қазақстан әнұраны жұрттың ашуын келтірді

Бір күнде қыруар қаржы табатын "жұлдыздар" азық–түліктің қымбаттауына қарсы бас көтерді

ОҚО-да педофилдің туыстары 14 жастағы зорланған қызды келіндікке сұрап, 100 мың теңге ұсынған

Бозымбаев ескерту жасаған Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры ақыры жұмыстан кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1670667-qamaugha-alynghan-arab-khanzadalary-tur.html