RU
Ринголық әнші: Ұйғыр болсам да, қазақ тілінде сөйлеймін (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ринголық әнші: Ұйғыр болсам да, қазақ тілінде сөйлеймін (видео)

Расказать Вконтакте

Ринго тобының әншісі Әділжан Омаров желідегі парақшасында қазақстандық қыз - жігіттерге арнап видеоүндеу жариялады. Әнші видеода өзінің ұлты ұйғыр болса да, қазақ тілін де сөйлеп жүргенін айтады. Сондай -ақ ол қазақстандық жастарды акцентпен болсын қазақ тілінде сөйлеуге шақырады.

"Баршаңызға сәлем! Құрметті, жігіттер - қыздар! Мен сіздерге бір нәрсе айтайыншы, иә, мен ұйғырмын. Бірақ мен Қазақстанның азаматымын. Мен осы жерде туылдым, осы жерде өстім, мен осы жерде білім алдым, мен осы жерде жұмыс істеп жатырмын. Бұл менің үйім, сол үшін мен қазақша сөйлеуім керек, білуім керек. Сендер де қазақша сөйлеңдер. Мейлі акцентпен болсын, мейлі нашар болсын. Ең бастысы ақырындап -ақырындап сөйлей беріңдерші. Сосын мен сияқты үйренесіңдер",- деді ол.

Әділжанның видеосын көрген желі қолданушылары оған ризашылықтарын білдіріп, ана тілінде сөйлей алмайтындарды әншіден үлгі алуға шақырды.

 

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
2
3
0
1
1
118
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір