RU

Ресейде қала мэрінің сұлу көмекшісін қырғызстандық аяусыз өлтірді (фото)

Қырғызстан азаматы Ресейдегі Электросталь қаласы мэрінің көмекшісін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді деп хабарлайды Dni.Ru басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кісі өлтіру дерегі Ногинскіде орын алған. Ол өз бөлмесінен өлі күйінде табылған. Дарья Туркина Подмосковье қоғамдық палатасының кеңесшісі және Электросталь қаласы әкімшілігі басшысының кеңесшісі қызметін атқарған.

Марқұмның туыстарының айтуынша, Дарьяны Қырғызстан азаматы өлтірген.

Қылмыскерді полиция қызметкерлері ізін суытпай ұстаған.

Туркина анасымен бірге жер үйде тұрып келген. Аз уақыт бұрын олардың үйіне құрылысшы келіп, жөндеу жұмыстарын жүргізген. Сол кеште Дарья оны сырғалар мен сақиналарды ұрлады деп күдіктенін, салдарынан олардың арасында кикілжің туындаған. Даудың соңы Қырғызстан азаматының пышақ ала жүгіріп, қызды жеті жерден пышақтаумен аяқталған.

Бойжеткеннің өлі денесін оның анасы тауып алған.

"Даша - әйелімнің сіңлісі. Қылмыскер ұсталды. Қырғыз. Ол Дарьяны жеті жерден пышақтаған", - дейді туысы Павел Клюкин.

"Аталған қылмысты жасады деген күдікпен ер адам ұсталды. Оның кім екені қазіргі таңда анықталып жатыр", - дейді Мәскеу облыстық МҚБ.

Тағы оқыңыздар:

Бекболат Тілеуханның отбасында тағы бір ер бала дүниеге келді

Ақтөбеде «Нұр Отанның» кеңесіне келгендер Сапарбаевтың алдында ұйықтап қалды (фото)

Қызылордалық алып қыз ауыр дертін емдеуге қаражат таппай отыр (фото)

Түнгі шәйдің кесірі: Атыраулық қарақшылар май құю бекетінің қызметкерлерін сан соқтырды

Павлодар облысында 30 жастағы балықшы жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1670809-reseyde-qala-merininh-sulu-komekshisin.html