Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуінің көзіне шөп салып жүргенін білген бетпақ әйел ұшақты тоқтатып тастады

Опубликовано:

Дохадан Балиге ұшқан Qatar Airlines әуе компаниясының ұшағы шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды. Бұған себеп ұшақтағы бір әйелдің күйеуінің көзіне шөп салып жүргенін біліп қоюы себеп болған деп хабарлайды inshe.tv сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Белгілі болғандай әйел жұбайымен бірге саяхаттауға аттанады. Күйеуі ұйқыға кеткенде, оның ұялы телефонын қарап отырған әйелдің құпия тілдесуге көзі түсіп, хабарламалардан жарының көзіне шөп салып жүргенін біліп қояды.

Алданғанын білген ирандық әйел айқайға басып, күйеуін сол жерде төпелей бастайды. Ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжалға әуе кемесінің командирі араласқанмен ашуға булыққан әйелді сабырға шақыра алмайды.

Сол сәтте командир ұшуды тоқтатып, шұғыл түрде жерге қонған соң отбасының барлық мүшесін ұшақтан түсіріп тастайды.

Басылымның хабарлауынша, ерлі-зайыптылардың арасындағы дауға полиция араласпаған. Олар ертеңіне өзге әуе компаниясының ұшағымен Балиге ұшып кеткен.

Тағы оқыңыздар:

Елімізде алдағы күндері қар жауып, боран соғады

Шымкентте бойжеткен жеті жасар қызды телефоны үшін ұрлап, соққыға жықты

Алматыда екі дәулетті көрші соттаспақшы

Түркімен жігіті әйеліне смс жазған отандасын аяусыз сабап тастады

Секс-құлдықта болған бойжеткен адам шошырлық жайттарды жайып салды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1671119-kuyeuininh-kozine-shop-salyp-zhurgenin-b/

pixel