RU

Дәрігерлер шымкенттік тұрғынның әуретті жерін қалай кесіп тастағанын айтып берді

Бұған дейін Шымкенттік тұрғынның өзінің әуретті жерін кесіп тастағаны хабарланған еді. Дәрігерлердің айтуынша, осы әрекетінен кейін ер адам белсіз болып қалған деп хабарлайды Отырар арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, ер адам жүйке ауруымен есепте тұратыны белгілі болды.

Науқас бұндай әрекетке бармас бұрын алдымен жансыздандыратын препарат салып, кейін арнайы құрылғының көмегімен жыныс мүшесін кесіп тастаған. Бірақ кенет «операцияны» дұрыс аяқтамаса керек, соңында азаматтың жағдайы нашарлап, ақыр соңы ауруханадағы ота залынан бір-ақ шықты.

Дәрігерлер оған хирургиялық ем жасап, аман сақтап қалды. Қазір науқас урология бөлімінде ем қабылдауда.

«Науқас келген кезінде ума аймағы кесілген. Арнайы скалпельмен жыныс мүшесін кескен. Ол мұны интернет арқылы көріп жасапты. Оған алғашқы жәрдем көрсетілді. Өзі тұрып-жүріп жатыр. Енді ол кісінен ұрық шықпайды. Бала-шағасы тастап кеткен. Ешкіммен отбасын құра алмағандықтан, осы қадамға барыпты», — дейді дәрігер-уролог Арман Бейсенов.

Осылайша әуретті жерін кесіп тастаған азамат бұл жағдайдан кейін белсіз болып қалды дейді дәрігерлер.

Жүйке ауруларымен есепте тұрғандықтан, науқас енді арнайы әлеуметтік орталықта емін жалғастырмақ.

Тағы оқыңыздар:

Елімізде алдағы күндері қар жауып, боран соғады

Шымкентте бойжеткен жеті жасар қызды телефоны үшін ұрлап, соққыға жықты

Алматыда екі дәулетті көрші соттаспақшы

Түркімен жігіті әйеліне смс жазған отандасын аяусыз сабап тастады

Секс-құлдықта болған бойжеткен адам шошырлық жайттарды жайып салды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1671182-darigerler-shymkenttik-turghynnynh-aur.html