Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайғылы сүндет той: Бір жасар сәбиді сүндеттеген ата-ана ұлынан айырылып қалды

Опубликовано:

Үш ұлы бар отбасы үшеуін де бір күнде сүндеттеп, ата-аналық парызынан құтылмақ болып, кіші ұлынан көз жазып қалды. Бір рет шығындалып, үш ұлдың да сүндет тойын өткізбек болған ата-ананың бір жасар баласы аз уақыттың ішінде әлсіреп, шетінеп кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Әзиза есімді келіншек үш баласын бірдей сүндеттеу үшін үйде сүндеттейтін кісіні шақырған.

«Үйге келіп сүндеттеп беретін дәрігерді шақырдым. Бұл біз үшін ыңғайлы болды, себебі балаларды ауруханаға тасып, әлек болмайсың. Бағасын да келісіп алдық. Әрқайсысына 7 мың теңгеден шықты. Кішкентай болғасын қатты уайымдадым. Үлкенім бес жаста, ортаншым - үште, ал кіші ұлым енді бірге келді", - дейді келіншек.

Сол күні келіншек бір жамандықты сезгендей болған. Сондықтан күйеуінен тағы бір екі-үш жыл күте тұруды сұрады. Алайда ол келіншегіне басу айтып, оның қобалжыған жүрегін орнына түсірген.

«Сол түні нашар түс көрдім. Ішкі түйсігіме назар аудармағаным үшін әлі өкінемін. Ана жүрегі қауіп-қатерді алдын ала сезіп тұрады ғой", - дейді ол.

Алайда келіншектің күйеуі бой бермей, үшеуінің де міндетінен бір күнде құтылып алмақ болған.

Сөйтіп, бүлдіршіндердің үшеуін сүндеттеген.

"Үлкендері қуанып, сыйлықтарына көрсетіп, мәз болды. Бір жасар ұлым басында мазасызданды. Кейіннен ақырындап сола бастады. Бастапқыда ол жай ғана еркелікпен жылап жатыр деп ойладым. Алайда аз уақыттың ішінде ол жүріп кетті. Қолымда кетті. Мұның бәрін еске түсіру оңай емес", - деген анасы бұл іске дәрігерді де кінәлай алмайтынын айтты. Себебі қолында сүндеттегені туралы құжат жоқ.

"Ақсай" емханасының балалар дәрігері Еркін Бақтиярұлы Салаевтың айтуынша, баланы үй жағдайында сүндеттемеген жөн.

"Балалар хирургы ғана сүндеттеу керек. Көп жағдайда сүндеттелгеннен соң қан кетіп, түрлі ауытқулар орын алуы мүмкін.

Көп жағдайда үйде сүндеттейтіндер кәсіби мамандар болмайды. Ата-анасы сүндеттеген соң баласының жағдайы нашарлай түссе, оған хабарласа алмай әлек болады. Себебі ол трубкасын алмауы мүмкін", - дейді дәрігер.

Сонымен бірге ол баласының болашағына бей-жай қарамайтын ата-аналарға сүндеттемес бұрын балалар дәрігеріне көрсетіп, түрлі қайғылы жағдайлардың алдын алуға кеңес береді.

«Ота жасамас бұрын тексерістен өту керек. Снбебі сүндеттеуге болмайтын жағдайлар да аз  емес. Мәселен, несеп шығару каналының ақауы, қан жүйесі аурулары. Мұндай жағдайларда сүндеттеуге тыйым салынады", - дейді ол.

Ал кейбір балалар тіпті сүндеттелген соң түрлі психологиялық қиындықтарға да тап болуы мүмкін.

Автор: Әлия Абсемет

Тағы оқыңыздар:

Жамбыл облысында атыстан көз жұмған жігіттің туыстары ауылдастарының үстінен арыз жазбай отыр

Өзі тайып жығылған көкшетаулық біреу ұрды деп полицияға арызданған (видео)

Дәрігерлер шымкенттік тұрғынның әуретті жерін қалай кесіп тастағанын айтып берді

Астанада аялдамаға ұлтараздық туғызатын сөз жазып кеткен өзбек азаматы сотталып тынды

Немересін пешке жағып жіберген СҚО тұрғынына қатысты тың деректер шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1671321-qayghyly-sundet-toy-bir-zhasar-sabidi-su/

pixel