RU

Журналистердің сауалына жауап бермеген шенеуніктердің жалақысы кесілуі мүмкін

Журналистердің сауалдарына жауап бермеген шенеуніктердің жалақысы кесілуі мүмкін. Мәжілісте Ақпарат және коммуникациялар туралы заң жобасына енгізілген өзгерістерді таныстырған министр Дәурен Абаев тілшілерге осылай деді. Бұл туралы Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Министр БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беру мерзімін қысқарту бойынша жұмыс жүргізіледі деп те сендірді. Жаңа заң жобасында мемлекттік органдар тілшілердің ресми сауалдарына қазіргідей үш күнде емес, 15 күн ішінде жауап беруге құқылы делінген.

Алайда депутаттардың өзі екі аптада кез келген ақпараттың ескіріп кететінін айтып, бұл мерзімді қайта қарауды ұсынды.

"Қазір мәселені қарастырып жатырмыз. Бұл мәселе қазір үкіметте қарастырылуда. Біз жұмыс тобында қарадық, қысқартамыз деп айтуға толық мүмкіндік бар шығар. Белгісіз, бірақ бір апта ішінде белгілі болады", - дейді Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Тағы оқыңыздар:

2018 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Қайғылы сүндет той: Бір жасар сәбиді сүндеттеген ата-ана ұлынан айырылып қалды

Ақтөбеде ер адам әлеуметтік желі арқылы танысқан қызды зорлап тастаған

Сауд Арабиясының билігі күдікке іліккен ханзадалардан 800 млрд доллар тәркілемек

Ресейліктер диктатор Ислам Каримовке мүсін орнатуға қарсы шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1671416-zhurnalisterdinh-saualdaryna-zhauap.html