RU

Әйелін жұмысынан қызғанған азамат төрт жастағы ұлын уландырып өлтірді

Нижний Новгород тұрғыны Максим Горев өзінің төрт жастағы ұлын көмірқышқыл газымен уландырып өлтірген. Бұл туралы life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Балқайдың мәйіті бесінші қараша күні Горевтер үйіне жақын маңнан табылған.

Медициналық сот сараптамасы баланың азапталып өлгенін анықтаған. Алдын-ала мәлімет бойынша, ер адам ұлын гаражға қамап, оның мына өмірмен тезірек қош айтысқанын күтіп тұрған. Кейін оның денесін көшеге шығарып, тығып тастаған.

news-24.kz-тің хабарлауынша, ер адамның мұндай қадамға баруына тергеуші әйелін жұмысынан қызғануы себеп болыпты. Басылымның жазуынша, үшінші қараша күні жұмысында отырған әйелге күйеуінен хабарлама келеді. Онда "Енді сен бізде көрмейсің" деп жазылған екен.

Алайда әйел адам кезекшілікке сол күні түскендіктен қызметінен сұранып кете алмаған. Әйелін күтіп шаршаған ер адам ұлын гаражға апарып, көлікті оталдырып, отырғызып қойған. Осылайша балақай көмір қышқыл газынан уланып көз жұмған.

Тағы оқыңыздар:

2018 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Қайғылы сүндет той: Бір жасар сәбиді сүндеттеген ата-ана ұлынан айырылып қалды

Ақтөбеде ер адам әлеуметтік желі арқылы танысқан қызды зорлап тастаған

Сауд Арабиясының билігі күдікке іліккен ханзадалардан 800 млрд доллар тәркілемек

Ресейліктер диктатор Ислам Каримовке мүсін орнатуға қарсы шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1671457-ayelin-zhumysynan-qyzghanghan-azamat.html