RU

Айқын мен Жұлдыз ұлды болғандарын "мойындады" (фото, видео)

Айқын мен Жұлдыз Өмірғали осы уақытқа дейін отбасын құрып, ұлды  болғандарын жасырып келген. Бірақ жуырда қос әнші де желідегі парақшаларында сәбилі екендерін мойындап қойды.

Жұлдыз парақшасына сәбиіне арналған бесігінің суретін жүктеп қойса, Айқын ерлер дүкенінде ер баланың киімдерін алғанын жазып, тіпті видеосын да жүктеп қойған.

Видеоны көрген желі қолданушылары Айқынға әке болғанын амалсыз мойындағанын айтып, әзіл - шыны аралас түрлі пікірлер қалдырып жатты.

"Жұлдыз екеуіңнің ұлдарыңа алып жатсың ба?", "Ақыры мойындадыңыз ба? Қай әйеліңізбен жүрсіз?", "Жұлдыз неге өзі таңдамайды?", "Қамқор әке! Кімге алса да не шаруаларыңыз бар, бастысы балаларыңыз аман болсын!",- деп жазды желі қолданушылары.

Еске салсақ, бұған дейін Жұлдыз Өмірғалидың қыз ұзату тойының видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен. Онда қалыңдықты үйінен Айқын алып бара жатқаны анық көрінеді. Бірақ қос жұлдыз да ресми түрде шаңырақ көтеріп, ұлды болғандарын мәлімдемеді.

Тағы оқыңыздар:

2018 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Қайғылы сүндет той: Бір жасар сәбиді сүндеттеген ата-ана ұлынан айырылып қалды

Ақтөбеде ер адам әлеуметтік желі арқылы танысқан қызды зорлап тастаған

Сауд Арабиясының билігі күдікке іліккен ханзадалардан 800 млрд доллар тәркілемек

Ресейліктер диктатор Ислам Каримовке мүсін орнатуға қарсы шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1671484-ayqyn-men-zhuldyz-uldy-bolghandaryn-moy.html