Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нағыз жұмақ болып көрінетін әлемнің ең жайлы бес түрмесі

Опубликовано:

NUR.KZ порталы әр қылмыскердің арманына айналған әлемдегі ең жайлы бес түрмені infoniac.ru сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.

1. Норвегия, Бастой түрмесі

Бастой аралындағы түрмеге 100 сотталушы сыяды. Олар әдеттегідей темір торда емес, ағаш коттеджерде, жағажай маңында демалып жүреді. Атқа мініп, күнге қыздырынып, балық аулап, теннис ойнайды.

Түрмедегі жалғыз ереже - таңғы 8:30-дан 15:30-ға дейін жұмыс істеу. Оның өзінде қандай жұмыс істейтінін сотталушылар өздері таңдауға құқылы.

Жұмыстар арасында бақшаны күту, жылқыларды күту, велосипедтерді жөндеу, шеберханадағы қызмет немесе жергілікті фермада жұмыс істеу мүмкіндіктері бар.

Олар жұмысы үшін күніне шамамен 10 доллар жалақы алады. Жалақысына жергілікті дүкенде қалаған тағамын алуға құқылы. Түрме қоршалмаған болса да, ол жерден ешкім қашуға тырыспаған.

2. Австрия, Леобен әділ сотының орталығы

Бұл түрмені әлемдегі ең әдемі ғимараттардың қатарына жатқызады. Түрмені танымал сәулетші Джозеф Хоенсинн салған. Ол Австрияның  Леобен қаласында орналасқан.

Онда әр сотталушы ваннасы, асүйі бар жайлы камераларда тұрады. Түрмеде таза ауамен тыныстауға арналған арнайы алаңдар қарастырылған.

Мұнда спорт зал, жаттығу залы, теннис үстелдері, кітапхана бар. Тіпті музыкалық концерттер ұйымдастырылып тұрады.

3. Пандок Бамбу түрмесі, Индонезия

Индонезияда қалталы сотталушы болсаңыз, қорқынышты камерада емес арнайы "отельде" мерзіміңізді өтей аласыз.

Тек бұл қызметке ақша төлесеңіз болғаны. Сізді дизайнерлік жиһазбен, тоңызытқышпен, жуыну бөлмесімен, теледидар және караокемен жабдықталған арнайы түрмеге жатқызады.

4. Аранхуэс түрмесі, Испания

Испанияда отбасылы сотталушыларға арналған Аранхуэс түрмесі бар. Мұнда отбасылы адам сотталған болса, ол арнайы отбасылық түрмеде баласымен бірге тұра алады.

Отбасылық түрменің камераларында балаларға арналған төсек, кішігірм жуыну бөлмесі, балалар алаңына шығу мүмкіндігі қарастырылған.

Алайда балалар сотталған ата-анасының қасында тек үш жасқа дейін тұра алады. Кейін оны туыстарының қолына өткізеді.

5. Хальден түрмесі, Норвегия

Түрме орман ішінде орналасқан. Ондағы сотталушылардың жағдайы қарапайым тұрғындарға қарағанда жоғары. Сотталушылар 12 шаршы метрлік үлкен бөлмелерде тұрады. Бөлмеде LCD теледидар, заманауи жиһаз, жуынатын душ бар.

Арнайы ас үйінде олар аспаздық білім ала алады. Түрмедегі мәдени орталықта ән жазатын студия, кітапхана, қысқы бақ, шеберхана, оқу бөлмесі, зертхана бар. Камераларда және ғимарат қабырғаларында 1 млн долларлық қымбат картиналар ілінген.

Бұл жерде, тіпті отбасылы сотталушыларға екі адамдың төсегі бар арнайы үй қарастырылған. Бір қызығы, мұнда жазасын өтейтіндер - Норвегияның ең қауіпті қылмыскерлері.

Тағы оқыңыздар: 

Айқын мен Жұлдыз ұлды болғандарын мойындауға мәжбүр болды (фото, видео)

Сахнада жүргенін 30 жыл болған Мейрамбек ән кешін дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Науқасты құтқару үшін тайганың ішін кезген фельдшер елді сүйсіндірді

Журналистердің сауалына жауап бермеген шенеуніктердің жалақысы кесілуі мүмкін

Сарбаздарды қалай қорлайды: Желіде әскердегі видео тарап кетті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1671658-naghyz-zhumaq-bolyp-korinetin-alemninh-e/

pixel