RU

Сырт келбетін өзгертуден қорықпайтын отандық жұлдыздар кімдер?

Отандық шоу-бизнесте сыртқы келбетін өзгертуден қорықпайтын танымал жандардың саны аса көп емес. Олардың түрлі образдары халық назарынан тыс қалмай, үнемі қатаң сынға ұшырап отырады. NUR.KZ порталы бүгін оқырман назарына "түрленуден жалықпайтын" жұлдыздар топтамасын ұсынады.

Мақпал Исабекова - шашының түсін түрлі ашық түске бояп қана қоймай, киіну стиліне де баса мән беретін әншілердің бірі. Мақпалды желі қолданушылары "Шетел әншілеріне көп еліктейді" деп сөгеді.

Лидо - отандық шоу-бизнестегі ең стильді әншілердің қатарында. Лидоның киіну стилін тыңдармандары ерекше бағалайды.

Алтынай Жолдыбаева образ өзгерту жағынан туған әпкесі Кәмшат Жолдыбаевадан басым болып тұр. Сондай-ақ оны сыртқы келбеті үшін көп сынға қалатын өнер жұлдызының бірі деуге болады.

Баян Есентаева өзгеше жанрдағы фильм түсірілімін бастағалы бері образын жиі өзгертіп жүр.

Атышулы пиарларымен танымал Сиви Махмуди де шашының түсін жиі өзгертетін әнші.

Түрлі образдары үшін желі қолданушыларының сынына қалатын Кәмшат Жолдыбаева батыл жұлдыздардың қатарында.

Танымал шаштараз - стилист Дива Бони - түрлі эскперименттерімен оқырмандарын таңғалдырудан жалықпайтын маман.

Тағы оқыңыздар: 

Елімізге белгілі әнші екінші рет ұлды болды (фото)

Бауыржан Байбек: Адам өлімі үшін жауап бергім келмейді

Нағыз жұмақ болып көрінетін әлемнің ең жайлы бес түрмесін білесіз бе?

Алматыда 500 теңгеге тамақтануға болатынын айтқан Байбек күлкіге қалды

Павлодар облысында келіншектің өліміне туыстары күйеу баласын кінәлап отыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1671928-syrt-kelbetin-ozgertuden-qoryqpayty.html