RU

Басын 180 градусқа бұра алатын жеткіншек жұрттың зәресін ұшырды

Пәкістанның Карачи қаласында дүниеге келген 14 жастағы Мұхаммед Самир басын 180 градусқа бұра алады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жеткіншек мұндай қабілетке ұзақ жаттығулар жасауының арқасында қол жеткізгенін айтты. Алты жасында қорқынышты фильмнен ер адамның басын 180 градусқа бұрғанын көрген балақай күн сайын басын бұрып, жаттығып жүріпті.

Нәтижесінде бірнеше айдың ішінде ол фильмдегі кейіпкер секілді басын бұра алатын болған. Ал Самирдің анасы болса ұлының бұл қабілетін Құдайдың өзі берген дарын деп санайды.

Мұхаммед мектепті тастап, Dangerous Boys би тобына жұмысқа тұрған. Ол осылайша әкесінің қазасынан кейін анасы мен жақындарына қаржылай көмек көрсетіп жүр.

Тағы оқыңыздар:

Ресейліктер Ислам Каримовке мүсін орнатуға қарсы шықты

Әйелін жұмысынан қызғанған азамат төрт жастағы ұлын уландырып

Журналистердің сауалына жауап бермеген шенеуніктердің жалақысы кесілуі мүмкін

Сауд Арабиясының билігі күдікке ілінген ханзадалардан 800 млрд доллар тәркілемекші

Әйгілі Dolce&Gabbana сән үйін ерекше көркімен тәнті еткен қазақ қызы туралы не білеміз?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1672033-basyn-180-gradusqa-bura-alatyn-zhetkinshek.html