RU

Сахнада әннің сөзін ұмытып қалатын әншілер тығырықтан қалай шығатынын айтып берді

Он жылдық мерейтойын жанды дауыста өткізген Нұржан Керменбаев әндерінің мәтінін жаттап үлгермеген. Алайда әнші ән мәтінін ұмытып қалу - қалыпты жағдай екенін айтады деп хабарлайды НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Концерттік бағдарламасының көпшілігі ескі әндерден құралғанымен, Нұржан бұл кеште бірнеше тың тректің тұсауын кескен болатын. Бірақ, жанды дауыстағы шоу болғандықтан, әнші жаңа туындыларының мәтінін жаттап үлгермепті.

"Әртіс партитураға қарап тұрып, ән айту ол жаңалық емес негізінде. Оны бір кемшілік тұсы деп айта алмаймын, бұны қалыпты жағдай деуге болады",- дейді Нұржан.

Халық әртісі Мақпал Жүнісова да мұндай сәтті бастан кешіргенін айтады. Бірақ, сахнада әнімнен жаңылсам ақындық шабытым оянып, импровизацияға ерік беремін дейді әнші.

"Менде ондай болды. Бірақ, сахнада тоқтаған жоқпын. Басқа бір сөзді қосып жібере салдым. Менің ондай суырып салмалығым бар. Мен айтып келе жатқан кезде сөздің ойыма келмей тұрғанын сеземін", - дейді Мақпал. 

Кенжебек те кей әннің сөзін жаттап үлгермейтінін жасырмайды. Сондықтан, Жанәбілов әріптесінің жағдайын жақсы түсінемін дейді.

"Бір ғана ән емес қой оның репетуарында. Бірнеше ән. Оның бәрін миға сақтау, жаңа әннің сөзін бірден жаттау деген мүмкін емес. Енді, бұрыннан миына сіңіп салған әндерді де ұмытып қалу болады",- деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін журналистермен кездесу барысында Төреғали Төреәлі де өзінің "Біртүрлі қыз" әнінің сөзін айта алмай, ұятқа қалған.

Тағы оқыңыздар: 

Ресейліктер Ислам Каримовке мүсін орнатуға қарсы шықты

Әйелін жұмысынан қызғанған азамат төрт жастағы ұлын уландырып

Журналистердің сауалына жауап бермеген шенеуніктердің жалақысы кесілуі мүмкін

Сауд Арабиясының билігі күдікке ілінген ханзадалардан 800 млрд доллар тәркілемекші

Әйгілі Dolce&Gabbana сән үйін ерекше көркімен тәнті еткен қазақ қызы туралы не білеміз?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1672115-nurzhan-kermenbaev-anshininh-oz-anin-umy.html