RU

Ақтөбенің атышулы әкіміне еріп жүретін депутаттың іс-әрекеттері көпшілікті шошытты (фото)

Ақтөбеде қала әкімі Ілияс Испановқа үнемі еріп жүретін блогер жақында қалалық мәслихаттың депутаты атанды. «Нұр Отан» партиясы атынан сайланған депутат Юрий Гончаров көпшілікке «Понтий пилат», «Aktobe_onlain» парақшалары арқылы танылған болатын. Соңғы кездері депутаттың әлеуметтік желідегі парақшасы оқырмандарын шошытты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Facebook желісіндегі «Понтий пилат» парақшасына: «Мені қалай бар, солай қабылда (ішімдікке тәуелділікпен), «Маған төзіп жүрген адамдарға таң қаламын» деген сөздер жазса, Instagram желісіндегі «Aktobe_onlain» парақшасы арқылы тату жасап жатқан жерден жарнама жасап тікелей эфир жүргізді.

Мән-жайды анықтау үшін қалалық мәслихатқа хабарластық. Депутат Юрий Гончаров әлеуметтік желімен қоштасқан болып шықты.

«Мен Гочаровтың өзіне хабарласып, осы жағдайды сұрадым. Ол депутаттыққа өткеннен кейін барлық парақшаларына басшы қылып жиенін қойғанын айтты. Қазір сол жазбалардың бәрін жазып жатқан жас жігіт жиені екен. Ол жиенімді сізге әкеліп таныстырамын деді.

Өзі қазір басқа заттармен айналысып кеткен. Мен сондықтан Гончаровты шақырып алып сөйлестім. Ол: «Сіз маған анау-мынауды жазуды қой деп айттыңыз. Сондықтан парақшамды жиеніме тапсырдым» деп айтты», - дейді Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Сұлупан Шынтасова.

Мәслихат хатшысы әкімдік қызметкерлерінен кем жұмыс істемейтін депутаттардың жақсы ат естімейтініне күйінді.

«Мен сізге түсіндірейін, депутаттар жалақы алмайды. Мен он жыл депутат болып жүрмін. Депутат туралы жақсы сөз бір естіген жоқпын. Бірақ, менің жұмысым басқа әкімшіліктің адамдары істеп жатқан жұмыстан аз емес. Қиын жағдайларда суға кеткенде, жер мәселесі кездерінде депутаттар алда болды.

Депутаттар халыққа өз қалталарынан қаржы шығарып көмектеседі. Өмір болған соң депуттаттардың ішінде де ақшамен байланысы болғандар болады. Олар әлеуметтік желіге шығып та жатыр», -дейді Сұлупан Шынтасова.

Тағы оқыңыздар:

Ресейліктер Ислам Каримовке мүсін орнатуға қарсы шықты

Әйелін жұмысынан қызғанған азамат төрт жастағы ұлын уландырып

Журналистердің сауалына жауап бермеген шенеуніктердің жалақысы кесілуі мүмкін

Сауд Арабиясының билігі күдікке ілінген ханзадалардан 800 млрд доллар тәркілемекші

Әйгілі Dolce&Gabbana сән үйін ерекше көркімен тәнті еткен қазақ қызы туралы не білеміз?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1672201-aqtobeninh-atyshuly-akimine-erip-zhuret.html