RU
Мамандар темекі шегуден бас тарту неге қиын екенін айтты
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Мамандар темекі шегуден бас тарту неге қиын екенін айтты

Расказать Вконтакте

АҚШ-тағы Мичиган университетінің ғалымдары никотинге тәуелділікті қалыптастыруға әсер етіп, темекіні тастауды одан сайын қиындата түсетін генді анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Мамандар темекі шегуден бас тарту неге қиын екенін айтты

Көрнекі фото: tabex.kz/

Олар Caenorhabditis elegans домалақ құрттарына тәжірибе жүргізген. Алдымен құрттың жұмыртқаларын никотинге тәуелді етіп, одан кейін жәндіктерге оны бермей қойған.

Мамандар құрттардың әрекетіне бақылау жүргізгенде никотинді рецепторлар ақуызын бөлуге белсенді ықпал жасайтын микроРНҚ мен бірқатар генді айқындаған. Олардың шылымға тәуелділікті қалыптастыруда үлкен рөл атқаратын белгілі болды.

Зерттеушілер құрттың жұмыртқалары да сүтқоректілер сияқты никотин жетіспегенде осындай реакцияға түсетінін байқағанда, бұл тәжірибені адамдардың шылымға тәуелділігін зерттеу үшін де қолдануға болады деген қорытындыға келген.

Тағы оқыңыздар:

Бір апта бұрын телефонмен сөйлескен Назарбаев пен Путин кездеспекші

Астанада қате диагноз қойған дәрігерлер науқас әйелдің омырауын кесіп тастаған

Сауд Арабиясының билігі күдікке ілінген ханзадалардан 800 млрд доллар тәркілемекші

Сахнада әннің сөзін ұмытып қалатын әншілер тығырықтан қалай шығатынын айтып берді

Ақтөбенің атышулы әкіміне еріп жүретін депутаттың іс-әрекеттері көпшілікті шошытты (фото)

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
0
2
2
3
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір