Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандылық қазақ жігіті тікелей эфирде өзінің гей екенін ашық жариялады (фото)

Опубликовано:

Еуразия арнасындағы "Әйел сыры" бағдарламасына келген қарағандылық Әмір Шәйкежанов көгілдір екенін ашық айтты. Бүгінде Алматы қаласының тұрғынына айналған Әмір таңдауын ата-анасынан жасырмайтынын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ. 

"Өзімді басқалардан онша айырмашылығым жоқ деп санаймын, сондықтан ұялмаймын. Бұл негізі махаббат, сезім, сексуалдылық барлығы бірге келеді. Бұл сезім менде негізі балабақшада жасым бес-алтыда болғанда басталды. Басқа балалар қыздармен ойнағанда маған ұлдар ұнайтын", - дейді ол.

Әмір бала кезінде өзіне неліктен ұлдар ұнайтынын түсінбегенін және ол үшін ұялғанын айтты. Ол өзінің көгілдір екенін екі жыл бұрын әкесіне айтқан.

"Бірінші әкеме айттым. Негізі қарағандылықпын, Алматыда тұратыныма 14 жылдай болды. Әкем Алматыға бір істермен келген, содан менен:  "Қал-жағдайың қалай, бәрін дұрыстап айтсаңшы",- деді. Мен бар болған нәрсені айтып, ең соңында "білу керек шығарсың, мен көгілдірмін" дедім. Әкем бір-екі минут ойланып отырып: "Жарайды, балам! Сен бақытты болсаң болды",- деді", - дейді Әмір.

Жасы 30-ға келген Әмір болашақта өзі сүйген жігітке үйленгісі келетінін және балалы болуды қаламайтынын айтты.

Тағы оқыңыздар:

Мамандар темекі шегуден бас тарту неге қиын екенін айтты

Бір апта бұрын телефонмен сөйлескен Назарбаев пен Путин кездесу жоспарлаған

Сахнада әннің сөзін ұмытып қалатын әншілер тығырықтан қалай шығатынын айтып берді

Қызметтік көліктің ішінде ұйқыны соққан тәртіп сақшыларының масқарасы шықты (видео)

Туған ұлы желкесінен теуіп, соққыға жыққан 79 жастағы кейуананың жағдайы елді жылатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1672705-qaraghandylyq-zhigit-ozininh-kogildir-e/

pixel