RU
Сауд Арабиясында ұсталған 200 лауазымды адамның тек жетеуі босатылған
Жаңалықтар Әлемде

Сауд Арабиясында ұсталған 200 лауазымды адамның тек жетеуі босатылған

Расказать Вконтакте

Сауд Арабия билігі еліндегі коррупцияны зерттеуге байланысты 200-ден астам адамды тергеп, оның тек жетеуін айыпсыз босатты деп хабарлайды Centralasian.org.

Сауд Арабиясында ұсталған 200 лауазымды адамның тек жетеуі босатылған

Сауд Арабиясында тағы да ханзадалар қамауға алынды

"Ондаған жылдар бойында жүргізіліп келген коррупциялық топтың әрекетінен елге 100 миллиард доллар шығын келді", - деп мәлімдеді Сауд Арабияның бас прокуроры. Оның сөзінше, бұл топтың іс-әрекетін зерттеуге үш жыл кеткен.

Королдікте бір жарым мыңнан астам банк есеп шоты бұғатталды. Сонымен бірге Біріккен Араб Әмірлігінен 19 жоғары лауазымды шенеуніктің банктегі есеп шоттары туралы мәлімет сұраған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, еліндегі өте бай адамдар бірден активтерін сата бастаған.

5 қарашада Сауд Арабияда 11 ханзада мен төрт министр және ондаған бұрынғы шенеунік ұсталған. Бұл іспен мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салманның бұйрығымен құрылған коррупциямен күрес комитеті айналысып жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Астанада арнайы жасақ өкілдері есірткі таратушыларды қолға түсірді

Бес жасар қызын тұрмысқа берген ата-ана жұрттың таңданысын тудырды

Сириядағы соғыстан қашып, елге қайтқан БҚО тұрғыны 10 жылға сотталып кетті

Мүгедек бала туған ақтөбелік келіншекті күйеуі мен қайын атасы үйден қуып шыққан

Полицей формасын киген ер адам көше ортасында төбелес шығарып, бір адамды соққыға жықты 

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
1
0
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір