RU

Ақтөбеде жол апатынан соң құр сүлдесі қалған жігіт әлі күнге дейін сөйлей алмайды (фото)

Жол апатынан кейін төсек тартып, бүгінде құр сүлдесі қалған Серік Жантікеновтің жағдайы туралы Aktobenews.kz тілшілері бірнеше рет жазды. Жас жігіт әлі күнге дейін сөйлей алмайды, тіпті басын да көтермейді.

Облыстық жедел жәрдем ауруханасында ота жасалғаннан кейін ол жан сақтау бөліміне жатқызылды. Одан соң ол қаладағы «Дару» оңалту орталығында ем алған.

«Оңалту орталығында баламның денсаулығында өзгеріс болды. Біз қуанып едік, бірақ «ұзақ жатуға болмайды, өз мерзімі бар» деп шығарып жіберді. Қазір Серік үйде, қасында анасы бар.

№3 қалалық ауруханаға барған едік, олар жүйке жүйесі ауруына шалдыққан адамдарды емдейтін ауруханадан анықтама алып келуді тапсырды. Анықтаманы өз аяғымен барып алады екен. Төсекке таңылған баланы қалай тасымалдаймын?», — деді Серік Жантікеновтың әкесі Алмаз Жантікенов.

Айта кетейік, оқиға 10 қыркүйек күні болды. Сол күні жол бойында тұрған Серікті көлік қағып кетіп, ол далада ес-түссіз біраз уақыт жатып қалған. Бас-ми жарақатын алған Серікке ота жасалды.

Жас жігіт сал болып қалды. Баласына қажетті күтім жасау үшін ата-анасы кереует сатып алу үшін халықтан көмек сұрайды.

Банктік шоты:

4402 5735 8493 3131 Халық банкі

ИИН 620719301155

Киви кошелек 8 708 144 54 76

тел: 8 708 144 54 76

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1672931-aqtobede-zhol-apatynan-sonh-qur-suldesi.html