RU

Депутат қазақ тілінде баяндама жасамайтын басшыларды сынға алды

Парламент cенатының экономикалық саясат, инновациялық және кәсіпкерлік комитетінің отырысында депутат Сәрсенбай Еңсегенов мемлекеттік тілде баяндама жасамаған басшыларды сынға алды деп хабарлайды Baq.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жиынға инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров, ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов, Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді, «Қазақстан даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы міндетін атқарушы Нұрлан Рахметов, «KazakhInvest» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Мейіржан Мәйкенов қатысқан.

Алайда басшылардың басым бөлігі өз баяндамаларын ресми тілде оқыған. Осы орайда сенатор Сәрсенбай Еңсегенов қазақ тілінде баяндама жасамаған басшыларды сынға алды.

«Шынын айтқанда, депутаттардың сұрағы көп. Сондықтан сіздер бізбен бірігіп, жұмыс жасауға ықыласты болады деген ниеттеміз. Біздің мемлекет – тәуелсіз. Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деген мақаласын білесіздер. Мен бүгін бақылап отырдым. Осында маңызды мемлекеттік саясатты жүргізіп отырған, мемлекеттік органдардың басшылары ретінде біреуіңіз мемлекеттік тілде баяндама жасамайсыздар. Сіздер кімдерді таныстырасыздар? Сіздер тәуелсіз қазақ елін таныстырасыздар. Тәуелсіз қазақ елінің экономикалық әлеуетін көтеру мақсатында жұмыс істеп жүрсіздер», - деген депутат сенатқа әкелінген құжаттардағы ақпараттың қазақ тілінде жазылу маңызды екенін айтқан.

Тағы оқыңыздар: 

Алтын Орда базарының маңындағы көпірден бойжеткен секіріп кетті (видео)

Атырауда жүкті әйел сәбиімен бірге көз жұмды

Ондаған шенеунік Челябинскіде Назарбаев пен Путинді қалай күтіп алды?

Қария ұлын өлтірген қылмыскерді бауырына басып, кешірім берді (фото)

Қырғыз бизнесмені Қадыровқа "Алланы" сыйға тартты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1673262-deputat-qazaq-tilinde-bayandama-zhasam.html