RU

Ақтөбеде ажырасқан келіншек "күйеуі ұратын әйелдерге" арналған Орталықты алдаған

Ақтөбедегі дағдарыс орталығын паналап жүрген Александра Хасанова тілшілерді шақырып, шу шығарды. Оның күйеулері ұрған келіншектерге арналған дағдарыс орталығын паналағынына  20 күн болған. Келіншек орталықтан өзін негізсіз қуып жатқанын айтады. Екі баласымен далада қалғанын айтқан әйел ақтөбелік кәсіпкерлерді састырды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

«Мен басында Қандыағаш қаласында тұрдым. Жолдасым қайтыс болды. Кішкентай баламды ертіп Алматы қаласына бардым. Ол жақта үш жыл тұрдым. Балам кішкентай болған соң шағын пәтер жалдап, үй жинап ақша тауып жүрдім, оңай болған жоқ. Сондықтан Ақтөбеге қайтып келдік. Ешқандай туысқанымыз болмаған соң вокзалда бір апта түнеуге тура келді. Полицейлер мені дағдарыс орталығына қабылдаған да ұнатпады. Балаларыма дұрыс тамақ бермейді. Тамақты өзіме жеке пісіріп аламын. Енді босатыңдар деп жатыр, мен қайда барамын?»,-дейді  Александра Хасанова.

Ал дағдарыс орталығының мамандары келіншектің жалған сөйлейтінін айтып берді. Келіншек бірнеше жыл бұрын ажырасып кетсе де жолдасым ұрды деп алдаған.

«Маған бұл келіншекті ІІД-нің мамандары жіберді. Екі баламен вокзалда бір аптадан бері тұратынын айтты. Оған аяушылық танытып ішке кіргіздік. Келіншек екі баласымен менде жиырма күннен бері жатыр. Бізге жолдасының қайтыс болғанын айтты. Анықтағанымызда, бірінші жолдасы қайтыс болған, екіншісімен ажырасып кеткен. Жәрдемақысын алып отыр.  Әйел полиция қызметкерлеріне күйеуі ұратынын, қайда барарын білмей балаларымен қашып жүргенін айтқан. Полицейлер баласымен далада қалған әйелді қабылдауымызды сұрады. Бір қарсылық танытқан жоқпыз. Ол әйелдерге күн көрсетпейді, ұрысып болды»,-дейді орталық директоры Гүлбадан Даут.

Ақтөбедегі тұрмыстық қысым көрген нәзік жандыларды паналатып отырған орталық  өздерін алдаған келіншекті енді қабылдай алмайтынын айтты.

«Бұл кісі бізге ұят жасап, өтірік айтып тұр. Мен білім бөліміне барып, балаларына балабақша сұрадым, тегін үй мен тамақ беріп жағдайын жасап отырмын. Өзі жағдайы дұрыс болмағаннан кейін тып- тыныш жатпайды ма? Бұл қорлық көріп отырған адамдай жұрттың бәрін  шулатты», -дейді орталық директоры.

Тағы оқыңыздар: 

Алтын Орда базарының маңындағы көпірден бойжеткен секіріп кетті (видео)

Атырауда жүкті әйел сәбиімен бірге көз жұмды

Ондаған шенеунік Челябинскіде Назарбаев пен Путинді қалай күтіп алды?

Қария ұлын өлтірген қылмыскерді бауырына басып, кешірім берді (фото)

Қырғыз бизнесмені Қадыровқа "Алланы" сыйға тартты

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1673296-aqtobede-azhyrasqan-kelinshek-kuyeui-u.html