RU

Немереге таласқан Сәдуовтарға құдағиы жауап берді

Күні кеше келіншегін өртеп өлтірген Қанат Сәдуовтің әке-шешесі төрт немерімізді нағашылары заңды белден басып алып кетті деп айыптаған деп хабарлайды КТК арнасы.

Жетімдерді бауырына басқан нағашы апасы Айгүл Дәрменова, бұл тартысты тоқтату керек дейді. Қайғылы оқиғадан кейін енді-енді ес жиып жатқан балалар, бұл тақырыпқа қайта оралғысы келмейді. Сондай-ақ олар әкесінің туыстарымен араласудан өз еріктерімен бас тартыпты.

"Теледидарға шыға бермесін. Құда-құдағиларым  ұйқыдан енді оянған сияқты. Олар балам жылайды дейді, ал бес жасар қыз неге жыламайды екен? Түнде "мамалап" жылайды, қалай екен? Осы өкінішпен балалар да, сіңлімнен айырылған мен де өмір сүріп келемін", - дейді балалардың нағашы апасы Айгүл Дәрменова.

Балалардың қамқоршысы, егер олар ер жетіп, туғандарын іздесе тыйым салмайтынын айтады. Алайда қайғылы оқиғадан кейін шошынып қалған ұл-қыздар әкелерімен де, ата-әжесімен де, оның туыстарымен де араласуға құлқы жоқ.

Олар Петропавлдағы нағашыларының қолында қалғанын қалап отыр.

Еске салсақ, жантүршігерлік оқиға осыдан екі жыл бұрын болды. Қанат Сәдуов өз әйелін, төрт баласының анасын соққыға жығып, бензин құйып тірідей жағып жіберген.

Осыдан кейін бірнеше ай туған-туысқандарының  үйінде жасырынған қылмыскер ақыры қолға түсіп, 18 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Тағы оқыңыздар: 

Алтын Орда базарының маңындағы көпірден бойжеткен секіріп кетті (видео)

Атырауда жүкті әйел сәбиімен бірге көз жұмды

Ондаған шенеунік Челябинскіде Назарбаев пен Путинді қалай күтіп алды?

Қария ұлын өлтірген қылмыскерді бауырына басып, кешірім берді (фото)

Қырғыз бизнесмені Қадыровқа "Алланы" сыйға тартты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1673692-nemerege-talasqan-saduovtargha-qudagh.html