RU

Ел үкіметі бала сүйе алмай жүргендерге қуаныш сыйламақ

Елімізде ЭКО арқылы дүниеге келген сәбилердің саны еселеп артуы мүмкін. Үкімет жасанды ұрықтандыруды тегін медициналық көмектің тізіміне кіргізбек деп хабарлайды КТК арнасы.

Сәйкесінше, жыл сайын бөлінетін квота да көбейеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Бала сүйе алмай жүргендерге көмек міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жүзеге асқан күннен басталады. Өйткені, ЭКО-ға мұқтаж жандардың саны өте көп дейді мамандар.

Астаналық Махаббат Райымбекова ЭКО арқылы құрсақ көтеріп, екінші баласын күтіп жүр. Айы-күні де жақындап қалған. Дәрігерлер екі аптадан кейін босанасың депті. Қазір 28 жастағы келіншек перзентханаға өзімен бірге алып кететін заттары мен сәбидің киімдерін дайындап отыр.

"Екі жыл бұрын екінші бала тууды жоспарладым. Астаналық клиника 10 жұпқа байқау арқылы тегін сертификат таратты. Біз жеңімпаз жұптардың қатарында болдық. Сөйтіп, ақысыз ЭКО жасаттық. Ал Астанада жасанды ұрықтандыру 1 миллионнан 3 миллион теңгеге дейін жетеді" - дейді ол.

Қазір жылына 900 адамға ақысыз ЭКО жасалады екен. Диспансерлік тіркеуде 14 мыңнана астам әйел, мыңнан астам еркек «бедеу» деген диагнозбен кезекте тұр. Бұл жылына 20 мың жұп бала сүйе алмай, дәрігердің алдына келеді деген сөз. Ал бюджеттен бөлінетін квота өте аз.

Тағы оқыңыздар: 

Алтын Орда базарының маңындағы көпірден бойжеткен секіріп кетті (видео)

Атырауда жүкті әйел сәбиімен бірге көз жұмды

Ондаған шенеунік Челябинскіде Назарбаев пен Путинді қалай күтіп алды?

Қария ұлын өлтірген қылмыскерді бауырына басып, кешірім берді (фото)

Қырғыз бизнесмені Қадыровқа "Алланы" сыйға тартты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1673717-el-ukimeti-bala-suye-almay-zhurgenderg.html