RU
АҚШ-тағы атыстан аман қалған 101 жастағы қазақ әжей Қазақстанға оралғысы келеді
Жаңалықтар Қоғам

АҚШ-тағы атыстан аман қалған 101 жастағы қазақ әжей Қазақстанға оралғысы келеді

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда туылып, бүгінде Америкада тұратын 101 жастағы Әсия Сардарбек әжей туған топырағына оралуды армандайды деп хабарлайды «Хабар 24» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әсия әжей әлемнің әртүрлі жерінде өмір сүрген. АҚШ -та өмір сүріп жатқанына қырық жылдан асты, әжейдің қасында 80 жастағы Роно мен 70 жастағы Әмина есімді қыздары бар.

Денсаулығы сыр бере бастаған қарт туған елін сағынатынын айтады.

Қарт әжейге қозғалудың өзі қиындық туғызады. Төсек тартып жатқан Әсия Сардарбектің арманы туған елінің топырағында жерлену. 

"Біздің Жамбыл облысы, Шу ауылына әскерлер келгенде мен 10 жаста болатынмын. Әскерилер кейбіреуін атып тастаса, кейбіреулердің мал -мүлкін тартып алды. Бәрі біздің қанша сиырымыз, қаншай қой мен түйеміз бар екенін жазып жатты. Сосын біздің қолымызға мөр басты. Кейіннен барып біз оның ату жазасы екенін біліп, отбасымызбен қашып кеттік. Хадиша апам мені арқасына отырғызып, ұзақ жолға аттандық",- деп есіне алды қарт әжей.

Отбасы жазық арқылы Әмударияға, кейіннен таулы Ауғанстанға өткен.

Бірнеше жылдан кейін Әсияны ауғанстандық басшының ұлы ұнатып, әйелдікке алған. 

«Жақсы адамдар еді. Маған кір жуып, тамақ жасап, үй жинатпайтын. Менің қызметшім болды",- дейді ол.

Енесі келіні қазақ тілін ұмытып қалмасын деп қазақ жұмысшыларды жалдапты.

Әсияның күйеуі Ауғанстанның қорғаныс министрлігін басқарған, бірақ 1979 жылы елдегі жағдай оларды шетелге қашуға мәжбүрлеген.

Ауғанстанға кеңес әскері кіргеннен кейін Әсия Сардарбек Түркияға, Германия мен АҚШ еліне қашқан. Вашингтон соңғы 40 жыл оның үйіне айналды.

Бірнеше ай бұрын оның қыздары Қазақстанға келіп кетті.

"Бұл таңғажайып нәрсе болды. Осынша қысқа уақыттың ішінде сіздердің президент көп нәрсе жасаған. Бұл таңғаларлық! Әдемі үйлер, әдемі Астана! Мен президентпен кездесіп, таңданысыммен бөліссем деп едім.  Анамның туған жерін сүйемін және біз онда тамаша уақыт өткіздік. Сіздердің елдің ары қарай гүлденіп, бақытты болуын тілейміз!",- деді Әмина Амири.

Әсия әжей болса балаларының туған жерін көргеніне риза. Ол Қазақстанда 90 жылдан аса болмағанына қарамастан, қазақ тілі мен дәстүрін еш ұмытпаған.

Тағы оқыңыздар: 

Алтын Орда базарының маңындағы көпірден бойжеткен секіріп кетті (видео)

Атырауда жүкті әйел сәбиімен бірге көз жұмды

Ондаған шенеунік Челябинскіде Назарбаев пен Путинді қалай күтіп алды?

Қария ұлын өлтірген қылмыскерді бауырына басып, кешірім берді (фото)

Қырғыз бизнесмені Қадыровқа "Алланы" сыйға тартты

Сіздің реакцияңыз
1
0
5
5
1
45
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel