RU

Алматыда 18 жастағы студент қыз жоғалып кетті (фото)

Алматыда бір апта бұрын із - түссіз жоғалып кеткен 18 жастағы Саяра Сейітованы іздеп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.  

Бойжеткеннің жоғалып кеткені туралы ақпарат Instagram желісінде пайда болды.

Аталғандай, бойжеткен қарашаның 6 күні Іргелі ауылынан шығып, қайта оралмаған.

Жоғалған қыздың ерекшеліктері: бойы 172 сантиметр, астыңғы бір тісі жоқ, шашы сарғылт түсті, дене бітімі орташа.

Қара күртеше мен джинсы шалбар, сұр кроссовкиде болған.

Саяра туралы ақпарат білетіндер болса мына нөмірлерге хабарласуды сұрайды: +7 702 340 14 15, +7 707 512 10 20, +7 707 389 89 19 немесе 102.

Саяра Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжінде оқиды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Саяра – отбасындағы үшінші бала.

"Ол таңертең сабаққа кетті, одан ары қарай ештеңе білмейміз. Ол колледжде модельер - конструктор мамандығында оқиды. Мұндай жағдай өмірімізде бірінші рет болып тұр",- дейді Саяраның анасы Гүлстан.

"Полиция қызды телефонын сатып жіберген болуы мүмкін деген ақпарат айтуда. Себебі қарашаның 9 күні телефоны Мақатаев ауданында іске қосылған",-  деді ол.

Тағы оқыңыздар:

Қазақтың бүркітші қызын Гарвард және Оксфорд университеттері оқуға шақырды (фото)

Алматыда көпірден секірген бойжеткенді көлік қағып кетті

АҚШ-тағы атыстан аман қалған 101 жастағы қазақ әжей Қазақстанға оралғысы келеді

Қайрат Нұртастың жары әншінің жаңа бейнебаянына түсті (фото, видео)

Ақтөбеде ажырасқан келіншек "күйеуі ұратын әйелдерге" арналған Орталықты алдаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1673909-almatyda-18-zhastaghy-student-qyz-zhoghalyp.html