Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баян Есентаеваның қайын атасы бұрынғы келіні бар дүниесін тартып алғанын айтты

Опубликовано:

Баян Есентаеваның қазіргі қайын атасы бұрынғы келіні Лясира Алагөзованың барлық дүние- мүліктерін тартып алғанын және 73 жасында өзін туған үйінен қуып жібермекші екенін айтып, өкпесін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ. 

" Бұл менің келінім Лясираның бұрынғы күйеуіне және маған жазған хаттары. Мен хатты оқып таңғалмадым және қан қысымым көтерілмеді, себебі  мен оның жан дүниесінің кедейлігі мен тәрбие деңгейін білетінмін. Бұл хаттар ұрлық мағынасында айтылған сөздер және өзіне - өзі жауап беріп тұр. Бірге тұрған 26 жыл ішінде көптеген жұмыс атқарған, адамдарға деген сеніммен тәрбиеленген менің ұлым барлық зауыттары мен үйін, жылжымайтын мүлкін әйелі мен балаларына және оның туыстарына аударып берді",- деді ол.

Тұрым Алагөзов бұрынғы келінім тек Тұрсынғалидың ғана емес, менің де, кенже ұлымның да бар дүниесін иеленіп отыр дейді.

"Тіпті менің пәтерім мен кенже ұлым Асқардың Сән салоны Тұрсынғалидың қызы Әминаның атында. Бірнеше күн бұрын Асқар Әминадан Салонды босату туралы хабарлама алды.  73 жасымда мен өз кезегімді күтіп отырмын, Алматыда 90-шы жылдары алған пәтерімді балаларға көмектесу үшін беріп, енді сол үйден қуылудың алдында тұрмын. Міне, туған балаларын әкелеріне қарсы қоятын бай кәсіпкер әйелдің бет -бейнесі.

Айтпақшы, ол өлім аузында жатқан менің әйеліме  2 жыл ішінде бірде - бір рет келмеді, тіпті оған бір шыны шәй ұсына алмады.  Менің ұлымның Лясирадан кетуі  (өзі білім мен дәулетті өмір сыйлаған балаларынан емес ) осымен түсіндіріледі. Үш бөлмелі пәтерде 26 жыл бойы түсіністік пен отбасы алдындағы еңбегінің еленуін күткен баламның шыдамы шегіне жетті. Тұрсынғали бұл жазба жайлы білмейді. Сол үшін Алланың және туған ұлымның алдында кешірім сұраймын! Кешір ұлым, сен өте шыдамдысың, мен бұдан әрі шыдай алмаймын,  тіпті жасым 50 болмаса да. Білетіндер мені түсінеді, қалғандарының еркі өзінде",- деп жазды ол желідегі парақшасында.

Тағы оқыңыздар:

Қазақтың бүркітші қызын Гарвард және Оксфорд университеттері оқуға шақырды (фото)

Алматыда көпірден секірген бойжеткенді көлік қағып кетті

АҚШ-тағы атыстан аман қалған 101 жастағы қазақ әжей Қазақстанға оралғысы келеді

Қайрат Нұртастың жары әншінің жаңа бейнебаянына түсті (фото, видео)

Ақтөбеде ажырасқан келіншек "күйеуі ұратын әйелдерге" арналған Орталықты алдаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1673913-bayan-esentaevanynh-qayyn-atasy-buryngh/

pixel