RU

Куәгерлер «Алтын Орда» базарындағы көпірден қыздың не үшін секіргенін айтып берді (фото)

«Алтын Орда» базарындағы қайғылы оқиғаға қатысты куәгер болған азаматтар өз пікірлерін білдірді деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Саудагерлердің айтуынша жас қыздың көпірден секіруіне сәтсіз махаббат түрткі болуы мүмкін.

"Қыз алдымен көпірдің сатысында тұрып, телефонмен жарты сағат жігітмен сөйлесіпті. Тіпті арасында жылаған. Бойжеткеннің аяғы ауыр екенін осы көпірде отыратын саудагерлер көрген. Себебі, іші кәдімгідей шығып қалыпты. Ол «түсінші, түсінші мені» деп жігітіне жалынған. Оның әңгімесін көбі естігенмен, бойжеткен көпірден секіріп кетеді деп ойламаған ғой. Барлығы айтып жатыр жігіті екіқабат қылып тастап кеткен соң, секірді деп. Артық айтсам тілім жазықты",- деп ақталды атын айтудан бас тартқан хиджаптағы саудагер келіншек.

Саудагерлер өзіне өзі қол салған бойжеткенді қызу талқылап, тіпті уайымдап та жүр.

"Бір көргенімде қыз телефонмен сөйлесіп тұрған. Барлығы шу ете қалған соң қарасам жолда кетіп бара жатқан қара джиптің үстіне құлаған ғой. Халық лезде жиналып қалды. Полиция келіп осындағылардан түсінік алды. Атымды айта алмаймын. Ертең мазамды алады базар басшылығы. Қайғылы жағдайдан соң мына көпір әлі ашық тұр. "Алтын Орда" маңында екіқабат болып, күйеуі тастап кеткен жалғызбасты әйелдер көп. Солар үшін алаңдаймын. Бір бойжеткеннің қайғысынан соң енді басқалары да соны қайталамасына кім кепіл? Осыны қала басшығы ескерсе. Көпірден секірген алғашқы жағдай емес қой. Алдында да Алматының басқа бөлігінде болды. Меніңше, көпірдің ішін жұқа темірмен қаптап тастау қажет",- деп өз ойын айтты көпірде отырып телефонға қажетті заттар сататын жас жігіт.

Расыменде аспалы көпірдің баспалдағы орналасқан жағы ғана темір тормен жабылса, бойжеткен секірген бөлігі әлі ашық тұр.

Еске салсақ, кеше кешке "Алтын Орда" базарындағы көпірден белгісіз бойжеткен секіріп кеткен. Дәрігерлер қыздың халі ауыр екенін айтты.

Тағы оқыңыздар:

Қазақтың бүркітші қызын Гарвард және Оксфорд университеттері оқуға шақырды (фото)

Алматыда көпірден секірген бойжеткенді көлік қағып кетті

АҚШ-тағы атыстан аман қалған 101 жастағы қазақ әжей Қазақстанға оралғысы келеді

Қайрат Нұртастың жары әншінің жаңа бейнебаянына түсті (фото, видео)

Ақтөбеде ажырасқан келіншек "күйеуі ұратын әйелдерге" арналған Орталықты алдаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1673990-kuagerler-altyn-orda-bazaryndaghy-k.html