RU
Қызымды бермеймін: Қарағандыда қызының қолын сұраған жігітті "қайын атасы" пышақтап өлтірді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қызымды бермеймін: Қарағандыда қызының қолын сұраған жігітті "қайын атасы" пышақтап өлтірді

Рассказать Вконтакте

Қарағанды қаласында ер адам жас жігітті қызының қолын сұрағаны үшін пышақтап тастаған деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Қыздың әкесіне жас жігіттің дөрекі түрде қызын тұрмысқа беруін сұрағаны ұнамай қалған. Қаһарына мінген «қайын ата» сол жерде пышақ ала жүгірген. А. Абдрахминов алған пышақ жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Соңы өліммен аяқталған қайғылы оқиға қаладағы құрылыс вагондарының бірінде болған. Қыздың әкесі А.Тайкенов жас жігітке қызын беруден бас тартқан кезде «болашақ күйеу баласы» оны боқтап тастаған. Осыдан кейін сөйлесу үшін екеуі далаға шығып кеткен. Алайда қыздың әкесі далаға шыққан бетте екі ауыз сөзге келмей, А.Абдрахмановты бірнеше жерден пышақтап, жарақаттаған. Ауыр жараланған жас жігіт сол жерде көз жұмған.

А.Тайкеновтың жазасын толық өтемеген сотталғандығы бар. Өзінің іс-әрекетінен қандай қылмыс жасағанын жақсы түсінген ол танысының баласынан көмек сұрап, екеуі мәйітті қала шетіндегі «Қайыңды тоғай» ауданына апарып тастап, іздерін жасырған. Алайда көп ұзамай қылмыскерлерді құқық қорғау өкілдері қолға түсіреді. Қазір күдікті мен оның қылмысын жасыруға көмектескен адам құрықталды.

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің айтуынша, дәл қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы, 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қарастырылуда. Күдіктіге адам өлтірді деген айып тағылса, екіншісіне қылмысты жасырды деген кінә тағылуда. Іс сотқа жіберілді.

Тағы оқыңыздар:

Қазақтың бүркітші қызын Гарвард және Оксфорд университеттері оқуға шақырды (фото)

Алматыда көпірден секірген бойжеткенді көлік қағып кетті

АҚШ-тағы атыстан аман қалған 101 жастағы қазақ әжей Қазақстанға оралғысы келеді

Қайрат Нұртастың жары әншінің жаңа бейнебаянына түсті (фото, видео)

Ақтөбеде ажырасқан келіншек "күйеуі ұратын әйелдерге" арналған Орталықты алдаған

Сіздің реакцияңыз
3
15
48
19
5
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel