RU

Республика алаңының маңында болған атыс алматылықтарды шошытты (фото, видео)

Алматылықтар әлеуметтік желіде Фурманов пен Сәтпаев көшелерінінің қиылысындағы жаңа алаңда атыстың болғанын хабарлады. Бұл туралы олар Facebook желісінде жария еткен деп жазады NUR.KZ.

"Қазір ғана жаңа алаңның маңында арнайы жасақтың қатысуымен атыс болды. Не болып жатыр?!", - деп жазды қала тұрғыны.

"Қолдарына автомат ұстаған адамдар Сәтпаевтан жоғары Фурманов көшесіне келді. Көлікті қоршауға алды, барлығына бұрылуға белгі берді", - деп жазды тағы бір қала тұрғыны. 

"Брондалған көлікті тоқтату үшін дәл әкімшілікке қарама-қарсы жерде оқ атты. Барлық терезесін сындырып, тұтқындады. Қазір тексеріс жүріп жатыр. Соған қарағанда ҰҚК жұмыс істеуде. Ешкімді өткізер емес. Жедел түсірілім жүріп жатыр. Көптеген оқ-дәрі табылды", - деп жазды тағы бір Алматы тұрғыны.

Алайда полиция атыстың болғанын жоққа шығарды деп хабарлайды ІІД-не сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Атыс жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды. ІІД жедел-іздестеру шараларын жүргізіп нәтижесінде қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған екі күдікті ұсталды", - дейді ведомстваның баспасөз хатышысы Салтанат Әзірбек.

Тағы оқыңыздар:

Келесі жылы елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі қанша болады?

"Ғаламшар аруы-2017" байқауының жеңімпазы анықталды (фото, видео)

Қазақ боксшысы кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)

Жылына екі миллион еуро алатын қазақстандық футболшы кім?

Ата-анасы ұлына неге Бәйдібекэкспо деген ерекше есім бергенін жасырмай айтып берді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1674292-respublika-alanhynynh-manhynda-bolghan.html