RU

Қазақстан Қырғызстанның кейбір тағам өнімдерін кіргізуге тыйым салды

Қазақстан "техникалық регламент талабына сәйкес келмейтіндіктен" Қырғызстанның бірнеше компаниясының тамақ өнімдерін әкелуге және сатуға тыйым салды. Бұл туралы 10 қарашада Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің басшысы, елдің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бекшиннің айтуынша, сүт өнімдерін шығаратын "Ақ сүт" компаниясының, "Куликовский" кондитерлік кәсіпорнының және ірімшік өндіретін "Эмиле" компаниясының кей өнімдеріне тыйым салынған.

Осыған дейін Қазақстан қырғызстандық "ТМ Риха", "Вимм-Биль-Дамм" компанияларының өнімдерін импорттауды тоқтатқан.

"Былтыр қырғыз өнімдерінің төрт пайызы техникалық регламентке сәйкес келмесе, биыл бұл көрсеткіш он пайызды құрады. Яғни, өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі екі жарым есеге төмендеді", – деп атап өткен еліміздің бас санитар дәрігері.

Жандарбек Бекшин сонымен бірге қырғызстандық өнім өндірушілер тауарды Қазақстанға контрабандалық жолмен енгізуді де тоқтатпай отыр дейді.

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстан тарабы қазанның 21-і мен 28-і аралығында "заң талаптарын бұзғаны анықталған" 100 тоннадан аса өнімді ел аумағына өткізбей қойған.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-дағы қарапайым қойшы әкімдік креслоға қалай қол жеткізгенін айтты (фото)

Димаш Назарбаевтың немересі және Головкинмен кездесті (фото)

Баланың елесі кезіп жүр: Алматыдағы тылсымға толы ең қорқынышты оқиғалар қандай?

Астанада элиталық Infiniti көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті (фото)

Әйгілі Криштиану Роналду төртінші рет әке атанды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1674407-qazaqstan-qyrghyzstannynh-keybir-tagha.html