RU

Үйін елес кезген әйелдің денесіне жын кіріп кетті

Әзірбайжанның Гейчай қаласында тұратын отбасы үйінде адам айтса, сенгісіз дүниелердің болып жатқанын айтып, дабыл қақты. Тылсым күштерден үрейленіп қалған отбасы мүшелерінің айтуынша, үйлерін елес кезіп жүр деп хабарлайды oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл жағдайды көзімен көргісі келген Xəzər арнасындағы "Səni axtarıram" бағдарламасының журналистері елес кезіп жүрген үйге камера қойған.

Таңертең камераны тексерген журналистер адам шошырлық кадрдың куәсі болған. Онда дені сау жүрген әйелдің кенеттен құлап, дірілдеп жатқаны байқалады.

Кейін өз-өзіне келген әйелдің айтуынша, денесіне жын кіріп алған, соның салдарынан ол кенеттен құлап өз-өзіне келе алмай, екі сағат жатады екен. Бұл оқиғалардан кейін отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсетілген.

Айта кетейік өткен аптада осы әулеттің келіні үйінен үш адамның мәйітін көргенін және біртүрлі дыбыстар естігенін айтқан.

Тағы оқыңыздар:

Иран-Ирак шекарасындағы жойқын жер сілкінісінен 100-ден аса адам тіл тартпай кетті (видео)

Алматылық "Қайраттың" ойыншысы әйгілі "Реал" футболшыларынан да көп жалақы алған

Қазақстан Қырғызстанның кейбір тағам өнімдерін кіргізуге тыйым салды

Қазақстандық дәрігерлер науқастың тілін кесіп тастады

Қайрат Нұртастың әйелі 10 жыл бойы құрбыларына қатаң талап қойып келген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1674465-tylsym-kushterdinh-ureylengen-otbasy-u.html