RU

Қазақстандық дәрігерлер науқастың тілін кесіп тастады

Қазақстандық оташылар қатерлі ісікке шалдыққан науқастың тілін кесіп тастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, науқастың тілінен қатерлі ісік анықталып, оны кесуден басқа амал болмаған. Дәрігерлер тұрғынға тілінің орнына тоқпан жілігінің бір бөлігін кесіп, жалғап беріпті.

Ауыр ота сегіз сағатқа созылған. 60 жастағы тұрғынның отадан кейін жағдайы оңала түседі дейді дәрігерлер.

"Мұндай отадан соң науқастың жаңа "тілі" тамақ ішуіне, тіпті сөйлеуіне мүмкіндік береді. Әдетте тілдің қатерлі ісікке шалдығуына адамдардың ішімдікке немесе темекіге әуестігі себеп болады", - дейді қатерлі ісіктер бойынша маман Дәурен Әділбай.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-дағы қарапайым қойшы әкімдік креслоға қалай қол жеткізгенін айтты (фото)

Димаш Назарбаевтың немересі және Головкинмен кездесті (фото)

Баланың елесі кезіп жүр: Алматыдағы тылсымға толы ең қорқынышты оқиғалар қандай?

Астанада элиталық Infiniti көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті (фото)

Әйгілі Криштиану Роналду төртінші рет әке атанды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1674478-qazaqstandyq-darigerler-nauqastynh-t.html