Выйти
RU

Ресей "Байқоңырдың" бір бөлігін Қазақстанға қайтаратын болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресей үкіметі Қазақстаннан жалға алған Ақай және Төретам кенттерінің маңындағы 11,6 мың га жерді қайтаратын болды. Бұл туралы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Челябинскіде өткен Ресей мен Қазақстан өңіраралық ынтымақтастығының ХIV форумында «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының ғарыш қызметі жөніндегі бас директордың бірінші орынбасары Александр Иванов пен ауыл шаруашылығы министрінің бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов 1994 жылдың 10 желтоқсанындағы Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру келісіміне өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қойды.

Құжатқа сәйкес Ақай және Төретам кенттерінің маңындағы 11,6 мың гектар Ресей тарапынан жалға алудан шығарылды және ол жерде әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту үшін Қызылорда облысына берілді.

Сондай-ақ, Ресей денсаулық сақтау миинстрі Вероника Скворцова мен Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2009 жылдың 17 қарашасындағы Қазақстан менРесей үкіметі арасындағы ««Байқоңыр» ғарыш айлағын Ресей Федерациясы жалға алу жағдайында «Байқоңыр» ғарыш айлағы қызметкерлеріне, Байқоңыр қаласының және Төретам, Ақай ауылдарының тұрғындарына медициналық қызмет көрсету» келісіміне өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қойды.

Хаттамада «Байқоңыр» кешенінде, Ақай және Төретам кенттерінде тұратын және жұмыс істейтін қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру көзделеді.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда көктайғақтың кесірінен бір адам ажал құшты (фото)

Қайын енесін сәлем салып қарсы алған Сиви Махмуди көпшілікті сүйсінтті (видео)

Жағажайдан табылған 26 қыз баланың мәйіті әлемді дүр сілкіндірді

Кәуап жеген апалы-сіңлілі үш қыз тіл тартпай кетті

Үйін елес кезген отбасында әйелдің денесіне жын кіріп кетті (видео)

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресей "Байқоңырдың" бір бөлігін Қазақстанға қайтаратын болды