Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марқұм Заманбекке ән арнаған Мақпал Жүнісова көпшілікті жылатты (фото, видео)

Опубликовано:

Кеше қазақтың бірутары ұлы, әнші Мақпал Жүнісованың марқұм жары Заманбек Нұрқаділовтың өмірден өткеніне 12 жыл толды.  Осы орайда әнші марқұм жұбайына құран бағыштап, сағынышқа толы ән шырқады.

"Кәрімғали қажы атамыз дәл қазір шаңырағымызға келіп, Зәкеңнің қайтқан күніне арнайы құран оқыды. Атамыз 12 жыл бір уақытта келіп - кетеді, Атамыз мың жасасын!",- деп жазған ол парақшасында.

Кейіннен Заманбек Нұрқаділовке арналған музей ішінде Нұрғиса Тілендиевтің "Сағындым ғой" әнін жарының суретіне қарап тұрып, орындаған әнші желідегі тыңдармандарын жылатты.  Әнді естіген оқырмандар еріксіз көздеріне жас алып, көңілдері босағанын жазған.

"Мақпал әпке, сізбен бірге қосылып бізде жылап отырмыз. Жүрегім ауырып кетті", "Қайран уақыт -ай! Мына ән нағыз жүректен шығып жатқандықтан ба, тұла бойым тітіркеніп кетті", "Жылағып келіп кетті. Сіздің қайғыңызды түсінемін. Мерейіңіздің қызығын көріңіз!", "Жаным, апатайым! Әрине сағынасыз ғой, бізде сағынамыз!", - деп жазған желідегілер.

Еске салсақ, қарашаның 12 күні Заманбек Нұрқаділовтің өмірден өткеніне 12 жыл толды.

Тағы оқыңыздар:

Иран-Ирак шекарасындағы жойқын жер сілкінісінен 100-ден аса адам тіл тартпай кетті (видео)

Алматылық "Қайраттың" ойыншысы әйгілі "Реал" футболшыларынан да көп жалақы алған

Қазақстан Қырғызстанның кейбір тағам өнімдерін кіргізуге тыйым салды

Қазақстандық дәрігерлер науқастың тілін кесіп тастады

Қайрат Нұртастың әйелі 10 жыл бойы құрбыларына қатаң талап қойып келген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1674716-marqum-zamanbekke-arnaghan-maqpal-zh/

pixel