Выйти
RU

Шымкенттен елордаға бағыт алған «Air Astana» ұшағының жолаушысы қаза тапты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

13 қараша күні сағат 12:00 шамасында Шымкент-Астана бағытындағы ұшақтың жолаушысы қайтыс болды. «Air Astana» компаниясына тиесілі әуе кемесі 352 бағыт бойынша елордаға аттанған деп хабарлайды TVK арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ұшақ аспанға көтерілгеннен кейін жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезініпті. Өкінішке орай, алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Сөйтіп, ұшақ шұғыл түрде кері қайтады. Ал әуежай қызметкерлері дереу жедел-жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақыртқан.

Қаза болған 1947 жылғы азаматтың осы уақытқа дейін Астана қаласында тұрып келген ОҚО тумасы екен анықталды. Онымен бірге ұшақта әйелі болған.

Жұбайының айтуынша, 70 жастағы жолаушы қант диабетімен ауырған екен. Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Алып бұлшықет үшін өмірін қауіпке тігіп жүрген жігіт жұртты шошытты (фото)

56 жастағы әйел тоғызыншы қабаттан құлаған ер адамды аяғынан ұстап үлгерді (фото)

ОҚО-да 14 жастағы қызды ұрлап әкетіп, аяусыз зорлаған күдіктінің ісіне сот нүкте қойды

Науқас анасының отасына ақша табу үшін Корея асқан қазақ жігіті жазықсыз қамауға алынды

«Scat» әуекомпаниясында тағы да шу: Қытайға демалуға барған қазақстандықтар елге әрең жеткен

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкенттен елордаға бағыт алған «Air Astana» ұшағының жолаушысы қаза тапты