RU
Ерекше көрікті аруды туған анасы 25 жыл бойы қамауда ұстаған (фото)

Ерекше көрікті аруды туған анасы 25 жыл бойы қамауда ұстаған (фото)

Рассказать Вконтакте

Францияда ерекше көрікті қызын 25 жыл бойы қамауда ұстап, әбден ашықтырған қатыгез ана әлемді дүр сілкіндірген болатын. Бұл туралы NUR.KZ порталы snatchnews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгісіз біреу ауқатты отбасы 25 жыл бойы бойжеткенді қамауда ұстап отырғанын жасырын түрде полицияға хабарлаған. Полиция тексеріс жүргізгенде отбасының үйінен расымен қамауда отырған әйел табылады. Тар бөлмеге қамалған 49 жастағы әйелдің салмағы 26 келі ғана болған.

Бөлме егеуқұйрықтарға, жуындылар мен қоқысқа толы болды. Ең сорақысы, әйелді мұндай күйге туған анасы түсірген. Ол қызын полицейлер бөлмеден шығарып жатқанда, түк болмағандай кофе ішіп отырады.

25 жыл өмірі қорлықта өткен әйелдің есімі - Бланш Монье. Оның ерекше көрікті болғаны соншалық, бәрі оған қызығып қараған. Бойжеткен көрікті болғанымен, оның мінезі мен тәрбиесі анасына еш жақпайды.

Қатты күліп, етегін түріп, өзін еркін ұстағанды ұнататын Бланш көрші тұратын адвокатқа ғашық болып қалады. Тіпті одан жүкті болған Бланш ақыры дүниеге келген баласын өлтіруге мәжбүр болған деседі.

Анасы қызының бұл қылықтарына шыдамай, оны 25 жыл бойы бөлмеде қамап ұстаған. Сол аралықта бойжеткен тек жуындылармен тамақтанып келіпті. Ал қыздың әкесі мен ағасы түк болмаған кейіп танытып жүре берген.

Олар, тіпті бөлмедегі Бланштың жанайқайына еш мән бермеген. Бойжеткеннің айқайлап көмекке шақырғанын көршілері де естіп жүрген екен. Алайда олар да полицияға 25 жыл бойы хабар бермейді.

Бланштың анасы сотқа жетпей жатып көз жұмды. Ал ағасы тек 15 айға темір торға қамалған. Бланш болса, қамауда отырған 25 жылында жүйкесі сыр беріп, өмірінің соңына дейін психикалық емханада тұрды.

Тағы оқыңыздар:

Ресей "Байқоңырдың" бір бөлігін Қазақстанға қайтаратын болды

Трансгендер оқушыны қыз деп атаған мұғалім жұмысынан қуылды

Бейтаныс жігіт алып қашқан бойжеткен жетінші қабаттан секіріп кетті

Екі жыныспен дүниеге келген нәрестені дәрігерлер қызға айналдырып жіберді

Алып бұлшықет үшін өмірін қауіпке тігіп жүрген жігіт жұртты шошытты (фото)

Сіздің реакцияңыз
1
5
26
8
2
2
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel