Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қақаған аязда көшені жартылай жалаңаш кезген астаналық жігіт желіде қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Астанаға қылышын сүйретіп қақаған қыс келмесе де, қалада айтарлықтай суық бар. Тіпті бірнеше рет қар да жауып үлгерді. Осындай аязды күні қала көшелерін жаяу аралап, спортпен шұғылданып жүрген азамат жұртты таң қалдырды деп жазады Newtimes.kz.

Аталған сәт түсірілген видеоролик Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған. Видео авторы мұны оңтүстік тұрғындарына жауап деп түсіндіреді.

«Бұл солтүстіктің Алматыға жауабы. Ауа-райы 0°C градусты көрсетіп тұр. Соған қарамастан Астананың жалындаған жас жігіті жалаңаш жүгіріп барады. Бұл жігіт өзінің азаматтық жағдайын өзгерткісі келді ме, әлде жай ғана спортты жақсы көргендіктен осылай жасады ма, ол жағы белгісіз», ― дейді куәгер.

Видео Сығанақ көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында түсірілген. Жартылай жалаңаш жігіт тіпті бағдаршамның қызыл түсі жанғанына қарамай, жаяу жүргіншілер жолынан өтіп кетті.

Еске салайық, қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара су қоймасында шомылып жүрген ер азаматтар солтүстікте тон киіп жүрген жерлестеріне сәлем жолдаған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Ерекше көрікті аруды туған анасы 25 жыл бойы қамауда ұстаған (фото)

Ерке Есмахан әлемге әйгілі Роналдуды әке атануымен құттықтаған (фото)

Екі жыныспен дүниеге келген нәрестені дәрігерлер қызға айналдырып жіберді

Шымкенттен елордаға бағыт алған «Air Astana» ұшағының жолаушысы қаза тапты

Әкесіне арнап ән шырқаған Ермахан Ибраимов желі қолданушыларын сүйсінтті (видео)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1675154-qaqaghan-ayazda-kosheni-zhartylay-zhalanha/

pixel