RU
Көкшетауда судьяны өлтірді деген ер адам өмір бойына сотталып кетті

Көкшетауда судьяны өлтірді деген ер адам өмір бойына сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

 Ақмола облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Жанна Бердіғұлованы өлтірді деп айыпталған Медет Əбдрахмановқа өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Сот Қылмыстық кодекстің 99, 188 және 384 баптары бойынша айыпталған күдікті Медет Əбдрахмановты кінəлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Оған қоса, сотталушы зардап шеккен тарапқа моральдық жəне материалдық шығынның орнын толтыру үшін 10 миллион теңгеден аса өтемақы төлеуге міндеттелді.

Еске сала кетейік, биыл 12 маусымда Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрайымы Жанна Бердіғұлова өз үйінде өлтірілген болатын.

46 жастағы судьяның денесі жуынатын бөлмеден табылды. Кейін полиция қылмысты жасады деген күдікпен бұрын сотты болған 33 жастағы жиһаз жасаушы жігітті ұстаған еді.

Тағы оқыңыздар: 

ІІД: Алматыдағы арнайы операцияда ұсталған күдіктілердің «жабайы Арманға» қатысы жоқ

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады

Ғалымдар ішімдіктің адамға тигізетін зияны туралы қорқынышты жайттың басын ашты

Өте сирек кездесетін акулаға ұқсас жыртқыш аң әлем жұртшылығын шошытты (видео)

Екі жыныспен дүниеге келген нәрестені дәрігерлер қызға айналдырып жіберген

Сіздің реакцияңыз
1
2
2
4
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel